6) Түркістан облысында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді
Түркістан облысында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді
Жаңа жыл мерекесіне орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ғасыр жасаған қарияларды арнайы аралап, оларды мерекемен құттықтады. Алтаев ең алдымен Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 100 жастағы Закир Мұсаевтың шаңырағына барып, облыс әкімінің құттықтау хатын табыстап, әкімдік атынан ат мінгізді.
Закир Мұсаев 1925 жылы дүниеге келген. Ол 9 жасында жетім қалып, қиыншылықтар мен жоқшылықты бастан кешкен. 1943 жылы өз еркімен соғысқа аттанып, кейін Германияның Дрезден қаласында күзетші болып қызмет етті. Әскерден кейін ауылда 35 жыл бойы есепші болып еңбек етті. Отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, өсірді. Ертай Алтаев қарияға облысты дамыту бағытындағы бастамаларына сәттілік тілеп, ақ батасын алды.
Сондай-ақ, Ертай Алтаев 102 жастағы Хапиза Эрметованың үйінде болды. Бұл қарияны да қос мереке — туған күні мен Жаңа жылмен құттықтап, оған мерекелік сыйлық табыстады. Хапиза ана облыс әкімінің орынбасарына алғысын білдіріп, елдің тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.
Бұл шара облыс әкімінің еңбек адамдарына құрмет көрсету және қарияларға қастерлі назар аудару мақсатында ұйымдастырылған.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





