Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аграрлық колледж бен “Dala Fruit” ЖШС жұмысымен танысты: Ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін беріледі
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аграрлық колледж бен “Dala Fruit” ЖШС жұмысымен танысты: Ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін беріледі
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Қаратау ауданында орналасқан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасы мен оқу корпусының жұмысымен танысты. Колледж басшылығы білікті маман даярлау мен ауыл шаруашылығы саласында инновациялық жобаларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Әкім оқу орнының әлеуетімен танысу барысында түлектерді жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға Шымкентте шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларға отандық ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын енгізу мәселесін қарастыруды және қамтамасыз етуді тапсырды.
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Сонымен қатар, қала әкімі “Dala Fruit” ЖШС-нің қызметімен танысты. Компания жоғары технологияларды пайдалана отырып, алма өсіру, сақтау және сатумен айналысады. Сондай-ақ бақ шаруашылығы саласындағы әлемдік озық тәжірибені қолданады. Бұл тәжірибе Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін үлгі бола алады. Әкім ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмысты одан әрі күшейтуді тапсырды.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)