8) ШЫМКЕНТ: Ғабит Сыздықбеков қаланың әлеуметтік нысандарымен танысты
ШЫМКЕНТ: Ғабит Сыздықбеков қаланың әлеуметтік нысандарымен танысты
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала аралау барысында бірқатар әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобаларды тексерді. Оның ішінде Абай ауданында орналасқан «Хадиша» медициналық орталығының жұмысымен танысып, орталықтың халыққа шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастауымен танысты. Көпсалалы клиника заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған және 18 емханаға бекітілген. Бұл орталықта 400 мыңнан астам тұрғын медициналық қызмет алады. Қала әкімі клиника басшылығына дәрігерлердің біліктілігін арттыруды және сапалы қызмет көрсетуді басты назарда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, әкім «Нұршуақ» шағынауданындағы №149 мектептің оқу үдерісін тексерді. Бұл мектеп 2000 орынға лайықталып, Жаңа жыл қарсаңында ашылған. Мектептегі тамақтану сапасын және санитарлық талаптардың сақталуын бақылау жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ, Тұран ауданындағы «Business Kids-Ucmas» халықаралық балалар академиясында болып, білім беру процесі мен балаларға кәсіпкерлік және бағдарламалау негіздері үйретілетінін бақылап шықты. Білім басқармасының басшылығына бұл мекемеге мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Одан бөлек, «Орталық су-спорт кешені» ғимаратының қазіргі жағдайын тексерді. Бұл нысан өткен жылдың соңында коммуналдық меншікке қайтарылған болатын. Кешенді күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін дене шынықтыру және спорт басқармасына тапсырма берілді.
Қала әкімі сонымен қатар, қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірнеше жобалармен танысты, оның ішінде Керімше көшесін ұзарту, «AVENUE-32» көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы және Жандосов көшесін Қонаев даңғылынан Шаймерденов көшесіне дейін қосу жобалары қаралды. Бұл жобалар қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан - заманауи IT-хабқа айналыу мүмкіндігі
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкент қаласында 2024 жылы халықты жұмыспен қамту шаралары нәтижелі жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан облысында колледждер студенттеріне 15 мыңнан астам грант бөлініп, шәкіртақысы көтерілді
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Похожие материалы:
15 Желтоқсан 2024, Жексенбі
Мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында.
18 Қантар 2024, Бейсенбі
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУДЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛУДЕ
Комментарии (0)