Байланысқа арналған телефондар:
» » 5) ШЫМКЕНТ: басқармалардың 2025 жылға жоспарланған жобалары таныстырылды

5) ШЫМКЕНТ: басқармалардың 2025 жылға жоспарланған жобалары таныстырылды

14 Қантар 2025, Сейсенбі
7
0
ШЫМКЕНТ: басқармалардың 2025 жылға жоспарланған жобалары таныстырылды

  Шымкент қаласында 2025 жылға жоспарланған инфрақұрылымдық жобалар бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Қаланың жол, құрылыс және жайлы орта салаларындағы даму жоспары аппараттық мәжілісте талқыланды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р. Ибрагимов 2025 жылға арналған жоба жоспарларын таныстырып, қалада маршруттық желіні оңтайландыру қажеттілігін атап өтті. Бұл мақсатта 235 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда, оның ішінде 180 газ-метанды және 30 дизель отынымен жұмыс істейтін автобустар бар. Автобустарды үздіксіз газбен қамтамасыз ету үшін биылғы І-тоқсанда үшінші газ станциясын іске қосу жоспарланып отыр.
  Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р. Меңдіқұлов қаладағы газдандыру жұмыстарының жоспарымен таныстырды. Биыл Қызылжар-2, Жанаталап, Алтынтөбе және Құрсай тұрғын алаптарында жаңа газ жүйелері орнатылатын болады. Сонымен қатар, Қайтпас-1 елдімекеніндегі 6 көшедегі газдандыру жұмыстары аяқталады. Демографиялық өсімді және өндірістік қуаттарды ескеріп, қалада инфрақұрылымдық қуаттылықты арттыру үшін жаңа кәріз тазарту қондырғысын салу жоспарлануда. Бұл жобалар Шымкенттің инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать