Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарлар мен жобалар талқыланды: Автобус паркін жаңарту және газдандыру жұмыстары күшейтіледі

Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарлар мен жобалар талқыланды: Автобус паркін жаңарту және газдандыру жұмыстары күшейтіледі

13 Қантар 2025, Дүйсенбі
1 809
0
Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарлар мен жобалар талқыланды: Автобус паркін жаңарту және газдандыру жұмыстары күшейтіледі

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жол, құрылыс, жайлы ортаны дамыту салаларындағы былтырғы жұмыстардың есебі мен алдағы жоспарлар талқыланды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р. Ибрагимов өткен жылды қорытындылап, 2025 жылға жоспарланған жобаларды баяндады.

Бүгінгі таңда қалада жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасымен қаралған маршруттық желіні оңтайландыру қажеттілігі туындауда. Тасымалдаушылар тарапынан 235 жаңа автобустарды жаңарту көзделуде, оның ішінде газ метанды пайдаланатын 180 автобус, дизель отынды пайдаланатын 30 автобус және 25 шағын автобус сатып алу жоспарлануда. Автобустарды газ-метанмен толық және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында биыл І-тоқсанда «Shymkent Bus» ЖШС автопаркінің аумағындағы үшінші газ станциясын іске қосу жоспары бар.

Аппарат отырысында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р. Меңдіқұлов саланың жоспарларымен бөлісті. Биыл Қызылжар-2, Жанаталап, Алтынтөбе, Құрсай тұрғын алабтарындағы жаңа құрылыс аумақтарында газ жүйесінің құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, 6 нысанда және Қайтпас-1 елдімекеніндегі 6 көшеде газдандыру жұмыстары аяқталады. Қаланың демографиялық өсімі және өндіріс алаңдарының тұрақты өсу үдерісі ескеріліп, инфрақұрылым қуаттылығын арттыратын 1 кәріз тазарту қондырғысын салу көзделуде.

Бұл шаралар қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету, көлік және энергетика инфрақұрылымдарын жақсарту, сондай-ақ экологиялық жағдайды нығайту мақсатында іске асырылуда. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать