Шымкент қаласында 2024 жылы халықты жұмыспен қамту шаралары нәтижелі жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
Шымкент қаласында 2024 жылы халықты жұмыспен қамту шаралары нәтижелі жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылды
2024 жылы Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары сәтті жүзеге асырылып, жоспарланған көрсеткіштерден жоғары нәтиже көрсетілді. Жыл басында 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 58 046 адамға жетіп, жоспар 102%-ға орындалды. Оның ішінде 39 792 адам тұрақты жұмысқа, 11 490 адам уақытша жұмысқа орналасып, 6 764 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуға тартылды.
Сонымен қатар, өткен жылы 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 33 814 адам қатысқан, яғни 111,9% орындалған. Осыған байланысты, 7 453 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алды. Мегаполисте 26 482 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 26 096-сы тұрақты, 386-сы уақытша жұмыс орындары болды. Бұл орындардың 3 140-ы түрлі мемлекеттік концепциялардың негізінде, ал 23 342-сі жеке бастамалар арқылы ашылған, мысалы, жекеменшік балабақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, асханалар мен дәріханалар.
Жалпы алғанда, 2024 жыл Шымкент қаласында жұмыспен қамту саласында табысты өткенін және мегаполисте еңбек нарығындағы сұранысқа жауап беретін жаңа жұмыс орындарының құрылып, халықтың жұмысқа орналасу деңгейінің артқанын көрсетіп отыр.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

12 Қырқүйек 2024, Бейсенбі
ШЫМКЕНТ: АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАРДАН 330 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

12 Қантар 2024, Жұма
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 40 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА
Комментарии (0)