2) Шымкентте жұмыспен қамту жоспары толық орындалды
Шымкентте жұмыспен қамту жоспары толық орындалды
2024 жылы Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары өз нәтижесін беріп, жоспардан артық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жыл басында 56 962 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл соңында бұл көрсеткіш 58 046 адамды құрады, яғни жоспар 102%-ға орындалды. Оның ішінде 39 792 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 11 490 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 6 764 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуға тартылған.
2024 жылы қалада 26 482 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 26 096-сы тұрақты, ал 386-сы уақытша болды. Жаңа жұмыс орындарының 3 140-ы мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылса, 23 342-сі жеке бастамалар арқылы ашылған. Бұл шаралар Шымкент қаласының жұмыспен қамту саласының тиімділігін және тұрақты жұмыс орындарын көбейту бағытындағы жұмысты айқындайды.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





