7) ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі қажет
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары ескерілуі қажет
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында «Ақтас» тұрғын алабындағы қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орнына барды. Жануарларға жасалған жағдаймен танысып, жауапты тұлғаларға жүйелі түрде бақылау жүргізуді тапсырды. Әрі қарай, медициналық қызмет көрсету мен тамақтану мәселелеріне ерекше назар аударуды ескертті. Қала басшысы бұл саланы жетілдіру қажеттігін атап өтіп, қызмет көрсетудің сапасын арттыруды тапсырды.
Содан кейін, Ғабит Сыздықбеков қала көшелерін, қоғамдық орындарды және аулаларды жаяу аралап, Рашидов, Володарский, Қабанбай батыр, Төле би, Адырбеков, Диваев, Қазыбек би көшелерін, Қонаев және Тәуке хан даңғылын, «Қошқар-ата» өзені жағалауын, Диваев көшесіндегі гүлзарды және «Ордабасы» алаңын тексерді. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына көшелердің санитарлық жағдайын бақылауды күшейту, сондай-ақ істен шыққан жарықшамдарды тез арада ауыстыру тапсырылды.
Қала әкімі тұрғындарға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін, сонымен қатар тұрғындардың пікірі мен ұсыныстарын ескеру маңызды екенін атап өтті. Жақын арада барлық анықталған кемшіліктер жойылып, қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатыны мәлімделді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)