Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан облысында 414 шақырымнан астам жол пайдалануға берілді

Түркістан облысында 414 шақырымнан астам жол пайдалануға берілді

08 Қантар 2025, Сәрсенбі
6
0
Түркістан облысында 414 шақырымнан астам жол пайдалануға берілді

  Түркістан облысында 2024 жылдың 11 айында автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеуі бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Биыл жалпы 414 шақырымнан астам жол пайдалануға берілді. Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Бұл бағытта құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 202 нысан немесе 1068,4 шақырым жол қамтылды.
  Облыстық маңызы бар жолдар бойынша 35 нысан, яғни 379,5 шақырым жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарымен қамтылды. 2024 жыл қорытындысы бойынша 17 нысан немесе 201,4 шақырым жол, 3 көпір мен 4 құбыр пайдалануға берілуі жоспарлануда. Қазіргі таңда 15 нысан толық пайдалануға беріліп, қалған 2 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
  Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдар бойынша 16 нысан, яғни 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Елді мекен көшелерінде 591,6 шақырым жол жөнделуде. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 98 елді мекенде 133 нысан немесе 493,3 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жыл соңына дейін 325,2 шақырым болатын 104 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жұмыстар Түркістан облысындағы көлік инфрақұрылымының жақсарып, тұрғындардың сапалы жолдармен қамтамасыз етілуін арттыруда маңызды қадам болып табылады. 
 Тілші: Кенжебаева Гаухар
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать