Түркістан облысында діни тұрақтылықты нығайту мақсатында «Ынтымақ-Түркістан» клубы құрылды
Түркістан облысында діни тұрақтылықты нығайту мақсатында «Ынтымақ-Түркістан» клубы құрылды
Түркістан облысы дін істері басқармасының жанынан жаңа «Ынтымақ-Түркістан» клубы құрылды. Бұл клуб діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында жұмыс істейді. Клуб аясында бүгін «Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, әр түрлі діни конфессиялардың өкілдері, сондай-ақ клуб мүшелері қатысты.
Ертай Алтаев жиын барысында елдегі діни тұрақтылықты сақтау мен нығайту мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, еліміздегі дінаралық татулық пен келісім қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі рухани құндылықтарының және мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі болып табылады. Сонымен қатар, ол діни ғимараттар салу мен мешіттерді кеңейту жұмыстарымен қатар, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды дамытуға да көңіл бөлу қажеттігін айтты. Алтаев, әсіресе, ас беру мәдениетін қалыптастыруды, ысырапшылдыққа жол бермей, отбасылардың әлеуметтік жағдайына ауыртпалық түсірмей өтетін дәстүрлерді дәріптеуді ұсынды.
Жиынның негізгі мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылар арасында өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, дінаралық қарым-қатынасты нығайту және қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтап қалу. Қатысушылар дөңгелек үстел барысында елдің тұтастығын сақтау, діни саладағы мәселелерді шешу жолдары мен өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды.
Түркістан облысы қазіргі уақытта 6 түрлі діни конфессияның өкілдеріне қатысты 773 діни бірлестікті қамтиды. Олардың арасында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни бірлестік және оның 5 филиалы бар. Осыған орай, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көпжақты әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Ертай Алтаев өз сөзінде осы клуб аясында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын айтып, барша дін өкілдерін діни сенімдер мен көзқарастарды құрметтеуге, өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға шақырды. Оның айтуынша, «Ынтымақ-Түркістан» клубы қоғамдық татулықты сақтау үшін жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға үлес қосып, Түркістан облысының үлгісінде елдің барлық аймақтарында діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)