8) ТҮРКІСТАН: Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру жолдары қаралды
ТҮРКІСТАН: Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру жолдары қаралды
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» президенті Инара Намазбаевамен кездесіп, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына тоқталды. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жоспарлар мен маңызды жобаларды талқылады. Сонымен қатар, биылғы Конститутция күніне орай өтетін XII Азаматтық форумын ұйымдастыру мәселесі қозғалды. Ертай Алтаев форумның жоғары деңгейде, креативті түрде өткізілетінін, оның қоғамға пайдасы мол әрі жастарға үлгі болатындай болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімінің орынбасары іс-шараларды тек есеп үшін емес, қоғамның дамуындағы маңызды тетік ретінде ұйымдастыру маңызды екенін айтты. Бұл ретте креативті ұсыныстарға ашық екендігін білдіріп, форум мен басқа да іс-шаралар жастарға ой салатын, қызықты әрі мағыналы болуы керектігін алға тартты. Жұмыс қарқынын күшейту, азаматтық қоғамды дамыту және өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру басты мақсат ретінде белгіленді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында білім саласын дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасады: Мектептерді жаңғырту және цифрландыру шаралары іске асады
Комментарии (0)