7) ШЫМКЕНТ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН ЖАБДЫҚТАУ ҮШІН СУБСИДИЯҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ
ШЫМКЕНТ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫН ЖАБДЫҚТАУ ҮШІН СУБСИДИЯҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығы мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілерге арнайы субсидиялар ұсынуда. Бұл субсидия арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін жұмыс берушілердің шығындарын өтеуге бағытталған. Жабдықтарды сатып алу, монтаждау және орнату шығындары өтеледі.
Жұмыс берушілерге қойылатын негізгі талаптар:
1.Арнайы жұмыс орындарының стандарттарға сай болуы;
2.Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты сақтау;
3.Жалақы бойынша берешектің болмауы;
4.Салықтар, алымдар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;
5.Ерекше азаматқа лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеу.
Толық ақпарат алу және өтінім беру үшін Шымкент қаласының “Еңбек мобильділігі” орталығына хабарласу қажет.
Орталықтың мекенжайы: Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі 89, 5-кабинет. Байланыс нөмірі: +77016040494.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
16 Қараша 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСҚАН
06 Қараша 2023, Дүйсенбі
Мүгедектікті белгілеу бойынша 57 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Комментарии (0)




