МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
– Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.
– Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.
Обсудить
Другие статьи:
Межрегиональная ярмарка вакансий прошла в Шымкенте
23 Сәуір 2026, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
23 Сәуір 2026, Бейсенбі
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
23 Сәуір 2026, Бейсенбі
Похожие материалы:
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
Комментарии (0)





