3) 2024 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Шымкент қаласының тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында в
2024 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Шымкент қаласының тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында вице-министр министрліктің атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары туралы мәлімет берді.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Шымкент қаласы тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуде вице-министр министрліктің өткен кезеңде атқарған жұмыстары, алдағы жоспарлары мен бастамалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, жоғары білім беру саласындағы басым бағыттарға тоқталды.
Талғат Ешенқұлов білім мен ғылым саласындағы маңызды жобаларды атап өтіп, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің «Ұлттық қор — балаларға» жобасынан айырмашылығын және тиімділігін түсіндірді. Ол ата-аналарға жас ұрпақтың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін министрлік сайтынан толық ақпарат алуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Вице-министр жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, кадрлық қамтамасыз ету және білім беру жүйесін дамыту сияқты негізгі басымдықтарды да атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жоғары білім беру саласындағы өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Кездесуден кейін Талғат Ешенқұлов БАҚ өкілдеріне арнап арнайы брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. БАҚ өкілдерін жоғары оқу орындарының лицензиясы, педагогикалық білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен қолдауға қатысты мәселелер қызықтырып, тұшымды жауаптар алды.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)