Байланысқа арналған телефондар:
» » 6) Шымкент қалалық Перинаталды орталығында жаңа туған қыз балаға екі күрделі ота жасалды.

6) Шымкент қалалық Перинаталды орталығында жаңа туған қыз балаға екі күрделі ота жасалды.

28 Қантар 2025, Сейсенбі
20
0
Шымкент қалалық Перинаталды орталығында жаңа туған қыз балаға екі күрделі ота жасалды.

  Шымкент қалалық Перинаталды орталығында жаңа туған қыз балаға екі күрделі ота жасалды. Нәресте 2100 грамм салмақпен, ауыр жағдайда дүниеге келіп, қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлер сәбиге туа біткен жүрек ақауы, II дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі, ойық жаралы некротикалық энтероколит және ішек өтпеушілігі диагноздарын қойды. Балалар хирургы мен кардиохирургтың қатысуымен сәбиге екі бірдей күрделі ота жасалды. Қазіргі уақытта сәби неонаталды хирургия бөлімі мамандарының жіті бақылауында, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
  Бұл операциялар орталықтың 2024 жылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жүргізу тәжірибесін бастағанынан бері жасалған алғашқы күрделі операциялардың бірі. 2024 жылы ішкі ағзаларының ақауымен туылған 40-тан астам сәбиге осындай күрделі ота жасалды. Шымкент қаласында 2024 жылы 29 124 бала дүниеге келсе, оның 8 973-і осы орталықта туған. Орталықтың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа жоғары деңгейлі аппаратар алынған, сонымен қатар, дәрігерлер шетелде оқытылып, нәресте өлім-жітімі айтарлықтай төмендеген.
  Жаңа жетістік ретінде орталықта госпитальдық фармация бөлімі ашылды, бұл дәрі-дәрмектерді уақтылы, сапалы дайындауға және тиімді пайдалануына кепілдік береді. 2024 жылы консультациялық-диагностикалық бөлімде жоғары қауіп тобына жататын 8 116 жүкті әйел қаралды. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать