4) ШЫМКЕНТ: әкімдік мәжілісінде әлеуметтік саланың өзекті мәселелері қаралды
ШЫМКЕНТ: әкімдік мәжілісінде әлеуметтік саланың өзекті мәселелері қаралды
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қаладағы әлеуметтік және құқықтық мәселелер талқыланды. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А. Бейсенбаев құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында 5189 адамға «қорғау нұсқамасы» шығарылған, ал 39 құқықбұзушыға қатысты қосымша шектеу шаралары қолданысқа енгізіліп, 20 тұлға әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін арнайы шаралар қабылданып жатыр.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы А. Ахметов қаладағы эпидемиологиялық жағдай мен метапневмовирустың таралуын болдырмау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Өткен жылы қалада инфекциялық және паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болды, бірақ профилактикалық шараларды күшейту қажет. Қала әкімі білім беру ұйымдарының асханаларындағы санитарлық жағдайды бақылауды қатаңдатуды тапсырды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбеков қаладағы медициналық ұйымдардың жұмыстарын баяндап, қала әкімі халық денсаулығын жақсарту шараларын сапалы атқаруды және әсіресе есепте тұрған науқастарды медициналық препараттармен уақытылы қамтуды тапсырды.
Сонымен қатар жиын барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және «Шымкент-қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жұмыстары қорытындыланды. Қала әкімі сала басшыларына халыққа қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
25 Желтоқсан 2023, Дүйсенбі
АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ ЖЫЛУ, БАСПАНАМЕН ҚАМТУ, ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН НЫСАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Комментарии (0)





