Шымкентте 700-ге жуық тұрғын гемодиализ емін тегін алады
Шымкентте 700-ге жуық тұрғын гемодиализ емін тегін алады
Шымкент қаласында бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 700-ге жуық адам гемодиализ терапиясын қабылдауда. Бұл ем тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылады. Қалада қазіргі таңда сегіз диализ орталығы халыққа қызмет көрсетіп, науқастар аптасына бірнеше рет келіп, төрт сағаттан ем қабылдайды.
Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарға қызмет көрсететін емдеу мекемелерінің бірі – «BB NURA» диализ орталығы. 70 жасқа таяған Алтыгүл Нұрымбетова 14 жылдан бері осы орталықта гемодиализ терапиясын алып келеді. Ол жасанды бүйрек аппаратының көмегімен өмір сүру сапасының айтарлықтай жақсарғанын айтады. «BB NURA» орталығында жоғары білікті нефролог-дәрігерлер мен медбикелер жұмыс істейді және 20-дан астам жоғары сапалы неміс гемодиафильтрация аппараттарымен жабдықталған.
Бүйрек гемодиализі – қан құрамындағы зиянды заттар мен артық сұйықтықты шығару әдісі. Созылмалы ауру салдарынан бүйрек бұл қызметті атқара алмай қалғанда, науқастар арнайы аппарат арқылы қанын тазартып отыруы тиіс. Гемодиализ терапиясы созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын науқастардың өмірін ұзартудың бірден-бір жолы болып табылады.
2024 жылы Шымкент қаласындағы диализ орталықтары 10 мыңнан астам науқасқа гемодиализ терапиясын көрсеткен. Ем қабылдағандардың арасында еліміздің басқа облыстарынан келген азаматтар да бар. Бұл Шымкенттегі диализ қызметінің сапасы мен қолжетімділігін көрсетеді. Дегенмен, бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу шараларының маңыздылығын естен шығармаған жөн. Дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану және медициналық тексеруден уақытылы өту бүйрек ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Тілші:Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші:Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)