Байланысқа арналған телефондар:
» » 6) Шымкентте қала келбетін жаңартатын жұмыстар жалғасуда

6) Шымкентте қала келбетін жаңартатын жұмыстар жалғасуда

23 Қантар 2025, Бейсенбі
1 625
0
Шымкентте қала келбетін жаңартатын жұмыстар жалғасуда

  Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына көркем муралдар салу жұмыстары басталды. Бұл бастама қала көркін арттырып, тұрғындарға эстетикалық ләззат сыйлауды мақсат етеді. А.Жангельдин, Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров көшелері мен Теріскей шағынауданы (№19, №20, №41, №42) аумағындағы үйлердің қасбеттеріне муралдар салынады.
  Аудандағы ирригация жүйесі бар көшелердің жалпы ұзындығы 173,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде 69 көшеде басты жолдар мен 141 ішкі орам көшесінде ирригациялық жүйелер орнатылған. 2025 жылға дейін тағы да 13 мекенжайда, ұзындығы 2,82 шақырымды құрайтын жаңа жүйе орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізіледі.
  Аудандағы тазалық жұмыстары да жүйелі түрде ұйымдастырылған. “Әл-Фараби” КММ тарапынан 21 техника мен 161 қызметкер ішкі орам көшелерін тазалайды, ал негізгі көшелерде “Таза Өлке” ЖШС 68 техника мен 382 қызметкердің көмегімен тазалық жұмыстарын жүргізеді. Бұл шаралар тұрғындарға таза, жайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді. 
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать