«Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айдағыәлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерітуралы»
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлының «Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны жалпы 234 857 адам. Аудан аумағында 928 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.
2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде, аудан әкімдігі тарапынан аудан бойынша 66 балалар ойын алаңшасын, 4 ашық спорт алаңшасын, 3 аумаққа гүлзарлар салу және 114 камера орнату жоспарлануда.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аудан аумағындағы 118 көшеге жарықшам бағаналары толық орнатылып, шамдар іске қосылды. Аталған басқармаға қосымша демеушілер есебінен түнгі жарықшам бағаналарын орнатуға 50 көше ұсынылып, 22 көше жарықтандырылды.
Ағымдағы жылы 32 көшеге асфальт қабатын салу жұмыстары жүргізілді. Олар орталық 19 көшелердің асфальт қабаты жаңартылып, 276 орамдағы 13 жаңадан асфальт қабаты салынды. Жалпы, 2024 жылға асфальтталған 366 көше. Сонымен қатар, 41 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, 26 мекен-жайда аяқжол салынған, жұмыстар жалғасуда. Алдағы уақытта 120 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріліп ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қаланы көріктендіру, тұрғындарға жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында 16 көпқабатты үйдің қасбеті жарықтандырылып, 8 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетіне Мурал салу жұмыстары жүргізілді.
2024 жылға аудан бойынша 20 мекен-жайға ирригация жүйесін жүргізу жоспарланып, қаржы қаралды. «Химфарм» шағынауданы Жағалау, А.Маметов көшелерінің бойына ирригациялық арық жүйесі орнатылып, қазіргі таңда Сәуле шағынауданы Қазығұрт көшесінде жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан қоқыс алаңшаларындағы 497 қоқыс контейнерлері жаңартылып, орталық көшелерге көлемі үлкен 657 дана темір қоқыс жәшігін (урна) орнату жұмыстары жүргізілуде.
Әл-Фараби ауданы аумағында 928 көпқабатты тұрғын үйдің 859-ы орталықтандырылған жылу қабылдайды. Оның ішінде 854 тұрғын үйдің қысқы жылу маусымына қарай орталық жылуға қосылған көрсеткіші 99,4% пайызын құрап отыр.
Ішкі орамдардың тазалық жұмыстарымен аудан әкімінің аппараты жанынан құрылған «Әл-Фараби» КММ (21 техника, 161 адам), ал басты көшелердің тазалығымен «ТАЗА ӨЛКЕ» ЖШС (68 техника, 382 адам) айналысуда, - деп аяқтады өз баяндамасын Рашид Мыңбаев

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
08 Қазан 2024, Сейсенбі
«Абай ауданының 2024 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы»
Комментарии (0)