4) «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Сайрамда 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Сайрамда 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді
Сайрам ауданында жол құрылысына айтарлықтай көңіл бөлінуде, әсіресе ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 60 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Өткен жылы 45 көшеге жөндеу жұмыстары аяқталып, 55,5 шақырым жол қалпына келтірілді. Сонымен қатар, Сайрам ауданының орталығынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Шынбұлақ» жолы мен аудандық маңызы бар КХ-40 «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандық және ішкі жолдардың сапасын арттыру мақсатында қосымша қаржыландыру үшін ұсыныстар енгізілген. Сайрам ауданындағы жалпы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 1298,1 шақырымды құрайды, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелері бар. Жолдардың сапасын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жалғасын табады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Сайрамда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді
Комментарии (0)