Отырар ауданында жаңа мәдениет үйі ашылды
Отырар ауданында жаңа мәдениет үйі ашылды
Түркістан облысы, Отырар ауданында 150 орындық М.Шойманов атындағы мәдениет үйі пайдалануға берілді. Облыста барлығы 264 мәдениет үйі мен клуб жұмыс істейді және мәдени инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыстар жалғасуда.
Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауыл тұрғындарын құттықтап, Отырар ауданының тарихи маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептің салынғанын, өндірістің дамып келе жатқанын және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар құрылысының жүргізіліп жатқанын айтты. Инфрақұрылымды дамыту да басты назарда екенін ерекше атап өтті.
76 гектар аумақты алып жатқан жаңа мәдениет үйінде білікті мамандар жұмыс істейді. Заманауи үлгіде салынған ғимаратта кітапхана, үлкен және би залдары, хореография, домбыра үйірмелері бар. Сондай-ақ, ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмелері, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған қызметкерлерге арналған кабинеттер қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған. Жаңа мәдениет үйі ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытып, халыққа рухани азық сыйлауға мүмкіндік береді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабврқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабврқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)