9) ТҮРКІСТАН: Отырарда мәдениет үйі ашылды
ТҮРКІСТАН: Отырарда мәдениет үйі ашылды
Түркістан облысында мәдениет саласын дамыту мақсатында маңызды қадамдар жасалуда. Осы бағытта Отырар ауданында жаңа М. Шойманов атындағы мәдениет үйі пайдалануға берілді. 150 орындық бұл мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының рухани дамуына үлес қосып, түрлі мәдени шаралар мен өнер көрсетулер үшін заманауи мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Мәдениет үйі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен ашылып, ауыл жастарының өнерін қолдауға бағытталған. «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданға жаңа мектеп салынғаны сияқты, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша мәдени ошақтың бой көтеруі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда маңызды қадам. Облыс әкімі жаңа мәдениет үйінің ашылу салтанатында өнерге қанат қаққан жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, болашақта Отырардан әлемге танымал өнерпаздардың шығатынына сенім білдірді.
Жаңа мәдениет үйі заманауи үлгіде салынған, мұнда кітапхана, үлкен зал, би залы, хореография мен домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жуыну бөлмелері, қызметкерлерге арналған кабинеттер толық жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы жағдайлар жасалған. Бұл мәдениет үйі ауыл тұрғындарының рухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосатын болады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)