Шымкенттегі медициналық мекемелердің жұмысы тексерілді
Шымкенттегі медициналық мекемелердің жұмысы тексерілді
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Асылбеков жұмыс сапары барысында "Сайрам" тұрғын алабындағы №12 емханаға қарасты бөлімшелердің жұмысымен танысып, жергілікті халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын тексерді. 65 561 адам тіркелген, қаладан шалғай орналасқан №12 емхана жұмысының тиімділігі мен қолжетімділігі басты назарда болды.
Асылбеков алдымен тұрғындар тарапынан шағым түскен "Исфиджаб" бөлімшесінде болды. Жергілікті тұрғындар дәрігерлік амбулаторияның алыс орналасқанына шағымданған еді. Басқарма басшысы бетперде режимін сақтауды ескертіп, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында бейінді мамандардың қабылдауын ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, №12 емханаға қарасты "Сайрам", "Қаратөбе" және "Турдыабад" бөлімшелері де тексерілді. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, санитарлық талаптардың сақталмауы, дәрілік заттарды сақтаудағы олқылықтар, вентиляция жүйесінің болмауы, қоқыс жиналуы, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмауы сынды мәселелер орын алған. Анықталған кемшіліктер бойынша емхана басшылығына ескертулер беріліп, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Басқарма басшысы халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, медициналық мекемелер жұмысын тұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)