1) Шымкент: 6 жасар сіңлісін тұншықтырып өлтірген
Шымкент: 6 жасар сіңлісін тұншықтырып өлтірген
Шымкентте сіңлісін өлтірген келіншекке сот үкімі шықты. 30 жастағы әйел әпкесінің 6 жастағы қызын ұйқыдан жылап оянғаны үшін жазаламақ болған. Балақайдың аяқ-қолын матап байлаған қаскөй, оны жерге құлатып ұрып-соққан. Салдарынан сіңлісі есінен танып қалған. Бірақ, туған әпкесінің қызын аямаған қылмыскер қыз балаға көрсеткен қорлығын мұнымен тоқтатпаған. Ваннаға су толтырып, тұншықтырып өлтірген.
Шымкент қаласының соты: «Прокурор сотталушы Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ал жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Ал сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамаған және жеңіл жаза сұраған».
Сот туысын тұншықтырып өлтірген әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот барысында келіншек өз кінәсін мойындамағанымен заттай дәлелдеме мен сараптама нәтижесі оның қылмысын айғақтаған. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
18 Қантар 2025, Сенбі
Түркістан облысында мүгедек балаларды оңалту орталығының басшылығы бюджет қаражатын жымқырған
18 Қантар 2025, Сенбі
6) Түркістан облысында мүгедек балалардың әлеуметтік бағдарламаларына бөлінген 85 миллион теңгені жымқырған орталық басшылығы анықталды.
19 Шілде 2023, Сәрсенбі
Серік Күдебаев елден қашып кеткені үшін алты айға бас бостандығынан айырылды.
Комментарии (0)