6) Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер сотталды
Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер сотталды
Шымкентте 2024 жылдың басынан бері сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылды. Олардың барлығы бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан. Сот борышкерлерді Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.
Бұл жыл ішінде алимент төлемеген 145 борышкер әкімшілік қамаққа алынса, 78 борышкер айыппұл төлеуге міндеттелді. Прокурорлық актілердің әсерінен сот орындаушылары борышкерлерді белсенді түрде жауапкершілікке тартып, 70-тен астам сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қала прокуратурасы алимент төлемегендерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің күшейтілгенін ескертеді, оның ішінде екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
12 Қантар 2025, Жексенбі
7) Мемлекеттік мүлікті талан-таражға салған шымкенттік шенеунік 8 жылға сотталды
Комментарии (0)



