2) Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті
Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті
Созақ ауданы, Аққолтық ауылында болған қайғылы оқиға тұрғындар үшін үлкен зардаптарға әкелді. Жеке тұрғын үйде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылып, 180 шаршы метрлік үй толығымен қирап қалды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін, көршілер үйінді астынан 6 адамды, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған баланы термиялық күйікпен ауруханаға жеткізген. Қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр төбе жаппасының жанып жатқандығы анықталды. Өрттің ошақтары 21:55-те оқшауланып, толық сөндірілгенімен, 23:12-де жағдай толық бақылауға алынды. Қазіргі таңда үш адам жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев оқиға салдары бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жпқыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жпқыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





