ҚАУІПСІЗ САПАРДЫҢ КЕПІЛІ – БІЛІКТІ МАШИНИСТ
Теміржол көлігі ел экономикасының күретамыры, ал осы салада адал еңбек етіп жүрген мамандардың үлесі ерекше. Солардың бірі Даулетбаев Нұржан.Ол теміржол саласында 16 жыл 11 айдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастап, тәжірибе жинақтады. Қазіргі таңда жауапкершілігі жоғары машинист қызметін абыроймен атқарып жүр.
Жылдар бойы жинаған кәсіби білімі мен тәжірибесі Нұржанға локомотив тізгінін сеніп тапсыруға толық мүмкіндік берді. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әрбір сапардың қауіпсіз әрі сапалы өтуін басты міндет санайды.
Теміржол саласында еңбек етіп жүрген Нұржан сынды мамандардың тынымсыз еңбегінің арқасында жолаушылар тасымалы да, жүк жеткізу қызметі де уақытылы әрі жүйелі атқарылып келеді.
#Теміржол #Машинист #ЕңбекАдамы #ҚызметЖолы #ҚауіпсізСапар #ТеміржолСаласы #ЕңбекЕрлері #Түркістан #Шымкент #ҚазақстанТемірЖолы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
10 Қырқүйек 2025, Сәрсенбі
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ, ТӘЖІРИБЕСІМЕН ҚҰНДЫ: ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Комментарии (0)





