ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ЖОЛ

Теміржол саласы – жауапкершілік пен тәртіпті талап ететін күрделі әрі маңызды сала. Бұл саланың дамуына өмірін арнаған мамандардың еңбегі қашан да құрметке лайық. Солардың бірі – Ақдала станциясының бастығы, тәжірибелі теміржолшы Сарыпбеков Сейсенбек.
Сейсенбек Сарыпбеков еңбек жолын осыдан 44 жыл бұрын Арыс локомотив депосында слесарь-дизелист болып бастаған. Жастайынан еңбекке етене араласқан ол, кәсіби біліктілігі мен тиянақтылығының арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.
Кейіннен ол Ақдала станциясында кезекші қызметін атқарды. Бұл – теміржол қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз жүруіне тікелей жауап беретін маңызды міндеттердің бірі. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, барлық тапсырмаларды тиянақты орындап отырды.
Бүгінде Сейсенбек Сарыпбеков – Ақдала станциясының бастығы. Басшылық қызметтегі бірнеше жыл ішінде ол станция жұмысының үйлесімді, тәртіпті және тиімді жүруін қамтамасыз етіп келеді. Ұжымдастары оны кәсіби білікті, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, талапшыл әрі әділ басшы ретінде сипаттайды.
Сейсенбек мырзаның теміржол саласындағы ұзақ жылдық еңбегі – жас буын мамандарға үлгі. Ол өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен адалдығы арқылы еңбек жолында талай белестерді бағындырды.
Осындай адал да абыройлы азаматтардың арқасында еліміздің теміржол саласы жылдан жылға дамып, жаңа жетістіктерге қол жеткізуде.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






