Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
🇰🇿🇪🇺Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
Былтыр екіжақты тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларға жетті. Ал 2005 жылдан бері елімізге келген инвестицияның жалпы көлемі 200 миллиард долларға жуықтады. Еуропа Одағының Орталық Азиямен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі.
Президент энергетика, көлік, цифрландыру және өнеркәсіп салаларында қызмет ететін 4 мыңнан астам еуропалық компанияның экономикамызға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның еуропалық бизнеске тұрақты әрі ашық инвестициялық климатты қамтамасыз етуге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша назар аударып, Еуропа Одағының білім беру бағдарламаларына ризашылығын білдірді. Оның аясында 5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы Еуроодақ елдерінде білімін жетілдіріп, тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
Мемлекет басшысы визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялар туралы келісім жасауға дайындық жұмыстары басталғанын құптады.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағы мен Орталық Азияның С5+ЕО форматындағы белсенді диалогын қуаттайды. Аталған платформа орнықты өсім және өзара байланыс саласындағы ортақ мүдделерді ілгерілетуге жол ашты.
Мемлекет басшысы С5+ диалогы аймақты дамытудағы басымдықтарды жүзеге асырудың тиімді тетігіне айналғанын жеткізді.
Былтыр екіжақты тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларға жетті. Ал 2005 жылдан бері елімізге келген инвестицияның жалпы көлемі 200 миллиард долларға жуықтады. Еуропа Одағының Орталық Азиямен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Президент энергетика, көлік, цифрландыру және өнеркәсіп салаларында қызмет ететін 4 мыңнан астам еуропалық компанияның экономикамызға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның еуропалық бизнеске тұрақты әрі ашық инвестициялық климатты қамтамасыз етуге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша назар аударып, Еуропа Одағының білім беру бағдарламаларына ризашылығын білдірді. Оның аясында 5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы Еуроодақ елдерінде білімін жетілдіріп, тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
Мемлекет басшысы визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялар туралы келісім жасауға дайындық жұмыстары басталғанын құптады.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағы мен Орталық Азияның С5+ЕО форматындағы белсенді диалогын қуаттайды. Аталған платформа орнықты өсім және өзара байланыс саласындағы ортақ мүдделерді ілгерілетуге жол ашты.
Мемлекет басшысы С5+ диалогы аймақты дамытудағы басымдықтарды жүзеге асырудың тиімді тетігіне айналғанын жеткізді.
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
05 Желтоқсан 2025, Жұма
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен келіссөз жүргізді
07 Қараша 2025, Жұма
Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
Комментарии (0)




