МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАПОНИЯҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары аясында Токио қаласындағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасын аралап көрді. Мемлекет басшысы Жапонияның императорлық киелі орындарының бірі саналатын бұл кешенмен танысты.
1920 жылы салынған Мейджи Джингу ғибадатханасы түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосқан император Мейджиге арналған. Кешен аумағында 120 мыңға жуық ағашы бар кең саябақ орналасқан.
Ғибадатхананы аралап болған соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!» – деп жазды Мемлекет басшысы.
Жапонияға алғашқы ресми сапар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен де кездесті. Мемлекет басшысы жылы қабылдауы мен көрсетілген қонақжайлық үшін Императорға алғысын білдірді.
Кездесу барысында Президент Қазақстан халқы Жапонияның тәртібі мен табандылығын әрдайым үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрметке және түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қарым-қатынастар біріктіретінін жеткізді.
Өз кезегінде Император Нарухито Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыстар тарихында елеулі оқиға ретінде қалатынын және екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін беретінін айтты. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
05 Желтоқсан 2025, Жұма
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен келіссөз жүргізді
07 Қараша 2025, Жұма
Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері
21 Қазан 2025, Сейсенбі
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
23 Қырқүйек 2025, Сейсенбі
Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады
Комментарии (0)


