Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді

Айта кету керек, бұл іс-шара Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылып, кітап оқу мәдениетін дәріптеуге бағытталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде бұл жоба Астанадағы 112 мемлекеттік мектеп пен 9 колледжді қамтып отыр. Жоба барлық жас ерекшелігіндегі білім алушыларға – бастауыш сынып оқушыларынан бастап колледж студенттеріне дейін бағытталған. Мектептердегі жоба оқудың негізгі дағдыларын дамытуға, мәтінді түсіну қабілетін арттыруға және күнделікті кітап оқуға дағдыландыруға бағытталған. Ал колледж студенттері үшін кәсіби бағыттағы мәтіндер ұсынылып, бұл олардың сыни ойлау қабілеті мен ақпаратты талдау дағдыларын дамытады.
Жоба барлық білім беру ұйымында бірізді форматта жүзеге асырылады: әр күн 8 минуттық оқудан басталады. Әдебиеттер білім алушылардың жас ерекшелігіне сай таңдалады.
«Оқушылар күнделікті 07.45-те мектепке келеді, ал 07.50-де 8 минуттық оқу басталады. Бастауыш сыныптағылардың оқуына арналған ертегілер әр сыныптың бұрышында орналасқан. Ал жоғары сыныптың оқушылары өздерінің күнделікті оқып жүрген әдебиеттерін алып келіп оқиды. Ай аяқталған кезде қорытынды бойынша ертегілерден қойылым қояды, суреттер салады, ал жоғары сынып оқушылары өздері оқыған кітаптар бойынша жоба жұмысын жасап, қорғайды. Оның барлығы сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жүргізіледі. Кейде балалардың оқып жатқан кітаптарына қарап, танымал жазушылар мектепке шақырылып, кездесу өткізіледі», – деді аталған жоба туралы №8 мектеп-лицейдің директоры Гүлнұр Айтымова.
Айта кетейік, жобаның негізгі мақсаты – оқуға деген қызығушылықты арттырып, жан-жақты дамыған, мәдениеті жоғары тұлғаны қалыптастыру.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс
19 Мамыр 2025, Дүйсенбі
3 тысячи человек пробежали на благотворительном марафоне в Астане
05 Мамыр 2025, Дүйсенбі
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН

07 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 12 БІЛІМ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Комментарии (0)