Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппаратымен бірлесіп, аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ауқымды ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Кездесудің негізгі мақсаты – зейнеткерлерді қаржы пирамидаларын тану тәсілдеріне үйрету және интернет-алаяқтардан қорғану жолдарын түсіндіру. Егде жастағы азаматтар экономикалық қылмыстарға жиі алданатын осал топтардың бірі болғандықтан, алдын алу жұмыстары құқық қорғау органдары қызметінің басты бағыттарының бірі саналады.
Кездесу барысында ведомство өкілдері жоғары табыс уәде ететін күмәнді инвестициялық жобаларға алданбау үшін қаржы пирамидаларының белгілерін; банк есепшоттарын телефон және интернет-алаяқтардан қорғауға арналған цифрлық гигиена негіздерін; күмәнді қаржылық ұсыныстарға тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу форматы ардагерлерге Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері мен аудан әкімдігі өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік берді.
Қатысушыларға жинақты қауіпсіз сақтау тәсілдері мен төлем карталарын пайдалану ережелері бойынша практикалық кеңестер берілді.
Еске сала кетейік, елордада кибералаяқтық деректері бойынша жүздеген іс қозғалды.

«Заңдылық пен құқықтық тәртіп әр азаматтың хабардар болуынан басталады. Біздің міндетіміз – ардагерлерге қаражатын және тыныштығын сақтауға көмектесетін білім беру», – деп атап өтті Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері.Мұндай түсіндіру шаралары елорданың барлық ауданында жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Еске сала кетейік, елордада кибералаяқтық деректері бойынша жүздеген іс қозғалды.
Обсудить
Другие статьи:
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен
13 Мамыр 2026, Сәрсенбі
Шымкент қаласы аумағындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
13 Мамыр 2026, Сәрсенбі
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 Мамыр 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
05 Мамыр 2026, Сейсенбі
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
24 Сәуір 2026, Жұма
Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту
23 Сәуір 2026, Бейсенбі
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен патрульдік полиция
22 Сәуір 2026, Сәрсенбі
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Абай ауданы прокуратурасы еңбек инспекциясымен бірлесіп, құрылыс нысандарында жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
22 Шілде 2025, Сейсенбі
Шымкентте қаржылық қауіпсіздікке басымдық берілді: интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілуде
Комментарии (0)