Шымкент қаласында адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
Шымкент қаласында адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілудеШымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қала әкімдігімен бірлесе отырып, адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.
Аталған бастаманың аясында үкіметтік емес ұйымдар дайындаған ақпараттық материалдар қаладағы әуежай, теміржол вокзалы, автобекеттер мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға орналастырылды.
Мұндағы мақсат - тұрғындардың адам саудасының қауіптері туралы хабардарлығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері азаматтарға ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы дайындалған жадынамада адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары мен сенім телефондары көрсетілген.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент өнеркәсібі жаңа биіктерге: зауыттар кеңейеді, әуежай жаңарады
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент жолдары: Бектенов тәртіп орнатуды талап етті
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Шымкент аспанында мың жел диірмен: Республика күні ерекше мерекеге айналды
27 Қазан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
14 Шілде 2025, Дүйсенбі
Шымкентте полицейлер денсаулық сақтау орындарымен түсіндіру жұмыстарын өткізді
Комментарии (0)




