2) Түркістан облысында биыл 1 миллионға жуық көшет егілді
Түркістан облысында биыл 1 миллионға жуық көшет егілді
Түркістан облысында мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, орман қоры аумақтарына ағаш егу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда. 2021-2025 жылдары 2 миллиард көшет егу тапсырмасына сәйкес, облыс үшін 170 миллион ағаш егу мақсатында кешенді жоспар бекітілген. Бұл жоспарды іске асыру барысында биыл 27 866,5 гектар жерге 39 757,7 мың түп сексеуіл тұқымы мен көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, облыс елді мекендерін көгалдандыру үшін көктемде 491 106 түп, күзде 506 323 түп әртүрлі көшет егілді. Нәтижесінде, жыл соңында Түркістан облысында жалпы 1 миллионға жуық көшет егіліп, жоспар толығымен орындалды.
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)



