Шымкентте «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийінің екінші күні өтті

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийінің екінші күнгі көрсетілімі ұйымдастырылды.
Көрермен назарына Президент Телерадиокешенінің үздік авторлық туындыларының бірі саналатын «СЕРТ» және «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмдері ұсынылды.
«СЕРТ» фильмі 2024 жылдың көктемінде Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында болған алапат су тасқыны кезіндегі ел бірлігі мен халықтың жанкешті еңбегін баяндайды. Туындыда табиғи апат салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы кейіпкерлер тағдыры арқылы көрсетілген.
Ал «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмі еліміздің туристік әлеуеті мен табиғи мүмкіндіктерін кеңінен таныстырады. Фильмде Қазақстанның әлемдік туризм картасындағы орны мен саланың даму перспективалары қамтылған.
Айта кетейік, «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Жоба Қазақстанның 20 қаласын қамтиды. Ресми ашылуы 21 мамыр күні Астана қаласында өткен кинолекторий бүгінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жалғасып жатыр.
Кинолекторийдің басты мақсаты – Қазақстанның қазіргі тарихын баяндайтын деректі фильмдерді кеңінен насихаттау және қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларды экран тілі арқылы көрерменге жеткізу.
Көрсетілімдер өңірлік әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, барлық көрермен үшін тегін өткізілуде.
Аида Қалдыбек
«Шымкент келбеті»
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийінің екінші күнгі көрсетілімі ұйымдастырылды.Көрермен назарына Президент Телерадиокешенінің үздік авторлық туындыларының бірі саналатын «СЕРТ» және «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмдері ұсынылды.
«СЕРТ» фильмі 2024 жылдың көктемінде Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында болған алапат су тасқыны кезіндегі ел бірлігі мен халықтың жанкешті еңбегін баяндайды. Туындыда табиғи апат салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы кейіпкерлер тағдыры арқылы көрсетілген.
Ал «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмі еліміздің туристік әлеуеті мен табиғи мүмкіндіктерін кеңінен таныстырады. Фильмде Қазақстанның әлемдік туризм картасындағы орны мен саланың даму перспективалары қамтылған.
Айта кетейік, «Хроникадан болашаққа» республикалық кинолекторийі Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Жоба Қазақстанның 20 қаласын қамтиды. Ресми ашылуы 21 мамыр күні Астана қаласында өткен кинолекторий бүгінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жалғасып жатыр.
Кинолекторийдің басты мақсаты – Қазақстанның қазіргі тарихын баяндайтын деректі фильмдерді кеңінен насихаттау және қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларды экран тілі арқылы көрерменге жеткізу.
Көрсетілімдер өңірлік әкімдіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, барлық көрермен үшін тегін өткізілуде.
Аида Қалдыбек
«Шымкент келбеті»
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
26 Мамыр 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ САЛЫНУДА
26 Мамыр 2026, Сейсенбі
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда
26 Мамыр 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
10 Сәуір 2024, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСКЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 70 ТОННАДАН АСТАМ ГУМАНИТТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ
Комментарии (0)