Алматыда жоғары білімнің болашағы талқылануда: IAUP және AlmaU әлемдік академиялық қауымдастықты біріктірді
2026 жылы 12-13 маусым күндері Алматы қаласында Орталық Азия тарихындағы тұңғыш рет жоғары оқу орындары басшыларын біріктіретін әлемдегі ең ықпалды ұйымдардың бірі – Халықаралық университеттер президенттері қауымдастығының (IAUP) өңірлік конференциясы өтті.
«Impact-driven universities: Education, Leadership and Societal Change» тақырыбындағы IAUP Central Asia Regional Conference конференциясына Орталық Азия, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия-Тынық мұхиты өңірінен 20-дан астам елдің 100-ден аса университет басшылары, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Іс-шараны Almaty Management University (AlmaU) және Халықаралық университеттер президенттері қауымдастығымен (IAUP) бірлесіп ұйымдастырды. Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, The Phoenix Philanthropy Group, British Council, QS Quacquarelli Symonds, Principles for Responsible Management Education (PRME) ұйымының Еуразиялық бөлімшесі және Алматы қаласының Туризм бюросының қолдауымен өтті.
Конференция қатысушыларына IAUP президенті әрі Sias University негізін қалаушы Шон Чен, AlmaU негізін қалаушысы әрі президенті Асылбек Кожахметов құттықтау сөз арнады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнеүндеу жолдады.
«Қазақстан жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Соңғы жылдары маңызды заңнамалық бастамалар қабылданып, университеттерді қолдаудың жаңа тетіктері енгізілді. Соның ішінде эндаумент-қорларды дамытуға және жекеменшік жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі конференция академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, түлектердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттыруға, ғылыми серіктестікті дамытуға және болашақ мамандарын даярлауға жаңа серпін береді. Бұл үдерістерде жасанды интеллекттің рөлі ерекше, себебі ол білім беру жүйесінің трансформациясын жеделдететін негізгі факторлардың біріне айналып отыр. AlmaU университеті жекеменшік жоғары оқу орындарының ірі халықаралық бастамаларды жүзеге асырып, еліміздің білім беру экожүйесінің дамуына елеулі үлес қоса алатынын көрсетіп келеді», - деді Саясат Нұрбек.
«Орталық Азия – әлемдегі ең көп жастардың шоғырланған өңірі. Сондықтан осындай халықаралық конференциялардың аймақ үшін маңызы ерекше. Мұндай алаңдар тек пікір алмасу немесе өзекті мәселелерді талқылау үшін ғана ұйымдастырылмайды. Ең бастысы – халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп шешім табуға және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашады», - атап өтті Шон Чен.
«Орталық Азия университеттері енді жаһандық үрдістерді жай ғана бақылап, соңынан еретін кезеңнен өтті. Біз сол үрдістерді қалыптастыруға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Тұрақты даму, жасанды интеллект, экономикалық және әлеуметтік әсер, сондай-ақ инклюзивті даму бағыттарындағы халықаралық зерттеулерге белсенді қатысуды мақсат етеміз. Төзімділікке, бейімделгіштікке және қауымдастық құндылықтарына негізделген көшпенділер философиясынан бастау алатын білім беру тәжірибеміз әлемдік академиялық қауымдастық үшін қызықты әрі пайдалы болуына сенеміз. Біз өңір жастарының әлем университеттерінде еркін білім алуын, ал әлемнің түкпір-түкпірінен студенттердің Орталық Азияға келіп оқуын қалаймыз», - бөлісті Асылбек Кожахметов.
Конференцияның алғашқы күніндегі негізгі халықаралық спикерлердің бірі геосаясат және геоэкономика саласының стратегы, John von Neumann University Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Норберт Чизмадиа болды. Ол өз сөзінде университеттердің зияткерлік капиталды қалыптастырудағы және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.
«IAUP -жай ғана өңірлік конференция емес, бұл жаһандық деңгейдегі конференция. Біз бүгін не істеуіміз керек, ертең жақсы болуы үшін деген сұрақты өзімізге жиі қоюымыз қажет. Бирюзалық аймақ (Turquoise Zone) - аспан мен жерді біріктіретін жаңа тұжырымдама. Бұл қазақ тіліндегі “көк” сөзінің мағынасына ұқсайды. Университеттер - қалалар мен мемлекеттердің дамуының басты қозғаушы күші. Болашақтың супер-медиатрендтері қарқынды дамып келеді», - деді ол.
Конференция бағдарламасы бірқатар пленарлық және панельдік сессиялармен жалғасты.
«Халықаралық стандарттар және нәтижеге бағдарланған университеттердің болашағы» тақырыбындағы пленарлық сессияны IAUP басқарма төрағасы әрі CETYS University (Мексика) президенті Фернандо Леон-Гарсия модерациялады және British Council – мен серіктестікте ұйымдастырылды.
Талқылауға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының директоры Алибек Мадибеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Самғат Ермекбаев, New England Commission of Higher Education президенті Лоуренс М. Шалл, Ұлыбританияның Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (QAA) жөніндегі атқарушы директоры Роб Страуд және Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дауленов қатысты.

«Жаһандық стандарттар барлық елдерде бірдей тиімді бола бермейді. Сондықтан оларды ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып бейімдеу маңызды. Контексті ескеру стандарттардың өзектілігі мен тиімділігін арттырып, мемлекеттер мен өңірлердің бірлесіп дамуына және тұрақты өсіміне мүмкіндік береді», - деді Алибек Мадибеков.
«Кәсіби тәжірибемде халықаралық білім беру стандарттарының енгізілуіне куә болдым. Бүгінде Қазақстанда білім алуға ниет білдіретін шетелдік студенттердің саны айтарлықтай артып келеді, алайда қолда бар ресурстар бұл сұранысты толық қамтамасыз етуге әрдайым жеткілікті бола бермейді. Өтініштердің көбеюіне халықаралық білім беру бағдарламалары мен қос диплом жобаларының дамуы ықпал етті. Сонымен қатар дарынды жастардың өз елінде сапалы білім алып, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Бұл үшін білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, университеттердің академиялық әлеуетін нығайту қажет. Сонымен бірге қазіргі рейтингтік жүйелер көбінесе маркетингтік көрсеткіштер мен рейтингтік позицияларға басымдық береді, ал білім беру үдерістерінің сапасы мен академиялық ортаның мазмұны көп жағдайда назардан тыс қалады. Дегенмен талапкерлер үшін университет таңдауда рейтингтер маңызды фактор болып қала береді», - деп бөлісті Самғат Ермекбаев.
«NECHE аккредиттеу тәжірибесінде біз талаптарға толық сәйкес келмесе де, өзіндік тиімді әрі инновациялық тәжірибелерді жүзеге асырып отырған университеттерді жиі кездестіреміз. Осыған байланысты аккредиттеу жүйесін қайта қарап, стандарттар санын тоғыздан беске дейін қысқарттық. Бұл өзгерістің мақсаты университеттердің жұмысын жеңілдету емес, олардың өз жетістіктері мен қызмет нәтижелерін аккредиттеу барысында неғұрлым мазмұнды әрі кешенді түрде көрсетуіне мүмкіндік беру болды», - бөлісті Лоуренс М.Шалл.
«Ұлыбританияда QAA аясында біз білім беру стандарттарын тұрақты түрде қайта қарап отырамыз.Ең жоғары импактке қол жеткізу үшін стандарттарды үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру қажет.Контекстуализация аса маңызды, себебі әр елдің өз ерекшелігі, құндылықтары және қоғамдық сұраныстары бар. Бұрын Ұлыбританияда студенттердің қанша білім алғаны маңызды болса, бүгінде сол білімді қалай қолданатыны әлдеқайда маңызды», - қосты Роб Страуд.
«Қоғамдық импактіні өлшеу өте күрделі, себебі оның әсері уақыт өте келе көрінеді. Барлық нәрсе жарияланымдар саны мен формалды көрсеткіштер арқылы өлшенбейді.Қоғамдық ықпал тұрғысынан AlmaU-ды әсері жоғары университеттердің бірі ретінде атауға болады. Тіпті Гарвард өкілдерінің өзі қоғамдық импактіні толыққанды өлшеуге ұмтылмайтынын айтады.Ықпалдың басты көрсеткіші тек сандық метрикалар емес, қоғам мен әлемге нақты пайда әкелетін түлектер болып табылады.Тек рейтингтер мен көрсеткіштерге назар аударып, қоғамға тигізетін нақты әсерін екінші орынға қоятын университеттер де бар» - айтып өтті Мирас Дауленов
Бірінші панельдік сессия барысында қатысушылар кәсіпкерлік университеттерді экономикалық және қоғамдық өзгерістердің драйвері ретінде талқылады. Сессияны кәсіпкерлік білім беру саласындағы әлемнің жетекші университеттерінің бірі – Babson College деканы Амир Реза жүргізді.
«Babson College колледжінде біз студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын шектемей, оларға болашақты қалыптастыруға қажетті дағдылар мен құралдарды беруге ұмтыламыз. Біздің мақсатымыз - тек стартап құруды үйрету емес, жастардың жаңа мүмкіндіктер жасап, әлемді өзгерте алатын ойлау қабілетін дамыту», - бөлісті ол.
Пікірталасқа Kusto Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, AlmaU Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев қатысты.
«Бүгінде Орталық Азиядағы көптеген студенттер ересек өмірдің нақты талаптары мен сын-қатерлеріне толық дайын емес. Жақсы кеңес алтыннан қымбат, алайда жастардың көбі кеңес сұраудың өзіне мән бермейді. Мен ашықтыққа, адалдыққа және тұлғалық дамуға сенемін. Дағдылар - туа бітетін қасиет емес. Оларды өмір бойы дамытып, жетілдіруге болады», - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев университеттер мен бизнестің өзара әрекеттесуінің маңыздылығы туралы айтты. Ал Team University бас директоры Хикмат Абдурахманов Өзбекстандағы жеке университеттерде кәсіпкерлік білім беру мен инновациялық мәдениетті дамыту тәжірибесімен бөлісті. Future Readiness Forum және Xponential Group ұйымдарының президенті әрі бас атқарушы директоры Тарик Курейши де өз тәжірибесін ұсынды.
QS Quacquarelli Symonds ұйымымен серіктестікте өткен «Жоғары білім және орнықты даму: әлемге қажетті университеттер» атты сессияны QS Impact жобаларының жетекшісі Зоя Зайцева жүргізді. Оның айтуынша:
«Жасанды интеллект сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан студенттерді жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істеуге даярлау деңгейі бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. Алайда қолда бар мүмкіндіктерге қарамастан, түлектердің жұмыс берушілердің күткен талаптарына сәйкестігі бойынша көрсеткіштер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Бұған білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы алшақтық, сондай-ақ құзыреттерге қойылатын талаптардың жылдам өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Бұл университеттер, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, заманауи білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың маңыздылығын көрсетеді», - деді.
«Sunway University-де біз сапалы білім беру тек кәсіби (hard skills) және икемді дағдыларды (soft skills) дамытуымен шектелмейді деп есептейміз. Сонымен қатар студенттердің құндылықтарын, мінез-құлқын және дүниетанымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз. Біздің мақсатымыз – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды ғана емес, қоғамның дамуына және жаһандық мәселелерді шешуге үлес қоса алатын жауапты азаматтарды тәрбиелеу. Түлектеріміздің оқу аяқталғаннан кейінгі алғашқы алты ай ішінде жоғары деңгейде жұмысқа орналасуы осы тәсілдің тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар біз білім алуды үздіксіз процесс ретінде қарастырамыз және түлектерімізге оқуын аяқтағаннан кейін екі жыл бойы lifelong learning қағидаты аясында білімін жалғастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Біз үшін түлектердің қоғамға қызмет етіп, қоғамдық құндылық қалыптастыруы аса маңызды. Себебі қоғамды басқаруға ниетті адамдар әрдайым көп болғанымен, оның дамуына жауапкершілікпен үлес қосуға дайын азаматтар әлдеқайда аз», - атап өтті Sunway University президенті әрі вице-канцлері Сибрандес Поппема.
Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің білім беру жөніндегі ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаева университеттердің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі және жауапты білім беру қағидаттарын ілгерілетудегі рөлі туралы баяндады. Орталық Азия университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Сарварбек Рахматиллаев Өзбекстанның орнықты даму қағидаттарын білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Үшінші панельдік сессия Азиядағы жеке жоғары білім беру жүйесінің әртүрлі модельдері мен ортақ сын-қатерлеріне арналды. Пікірталасты AlmaU Тұрақты даму орталығының директоры Анель Кулахметова жүргізді.
«Кореяда біз 20-30 жас аралығындағы білім алуға және жаңа дағдыларды меңгеруге ұмтылатын адамдар санының тұрақты өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Еңбек нарығы технологиялық мамандықтарға сұраныстың жоғары екенін көрсетуде, сондықтан университеттер білім беру бағдарламаларын жаңа талаптарға бейімдеуде.Сонымен қатар біз қоғамға қызмет ету мен студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ерекше мән береміз», - атап өтті Seoul Cyber University президенті Ын-Джу Ли.
IAUP бас хатшысы әрі Tanioka Gakuen білім беру қорының вице-канцлері Тацуро Таниока Жапонияда жеке жоғары оқу орындарының үлесі шамамен 80% екенін атап өтіп, олардың елдегі жоғары білімді дамытуда, кадр даярлауда және инновацияларды енгізуде шешуші рөл атқаратынын айтты:
«Бұл тәжірибе мемлекет, академиялық қауымдастық және бизнес арасындағы ынтымақтастықты дамыту қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халықаралық серіктестік пен үздік тәжірибелермен алмасу университеттерге заман талабына тиімді жауап беруге және жаһандық еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді».
Сондай-ақ Нишанташи университетінің ректоры Ayşegül Komsuoğlu Çıtıpıtıoğlu Түркиядағы жеке жоғары білім берудің даму үрдістері туралы айтты:
«Біз студенттерге үйрете алатын ең маңызды нәрсе - өз бетінше ойлау қабілеті. Қазіргі студенттерге жылдам өзгеретін әлемге бейімделу дағдысы жиі жетіспейді.Сондықтан көшбасшылық қасиеттерді, этикалық құзыреттерді және сыни ойлауды дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет».
SDU университетінің проректоры Давронжон Гаипов Қазақстандағы жеке жоғары білім беру секторының дамуы мен білім сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды:
«Біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі - студенттердің тұрақты даму бағытын белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Барлық студенттер алдымен Тұрақты даму мақсаттарының (SDGs) теориялық негіздерін меңгеріп, кейін алған білімдерін нақты жобалар арқылы тәжірибеде қолданады».
Келесі панельдік сессия «Орталық Азия: жаһандық жоғары білімдегі жаңа үн» тақырыбына арналды және Rectors’ Club: Central Asia+ пен серіктестікте өтті. Модератор ретінде Йель университетінің Орталық Азия бағдарламасының доценті Нариман Шелекпаев сөз сөйледі. Талқылауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Канада елдерінен келген университет басшылары қатысты. Талқылауға AlmaU негізін қалаушысы және президенті Асылбек Кожахметов, McGill University доценті Эмма Харден-Вольфсон, Орталық Азиядағы Америка университетінің вице-президенті Чинара Рыскулова және Хазар университетінің экономика және менеджмент факультетінің деканы Дилара Расулова және ректор ALT University Меруерт Жармагамбетова қатысты.
«Бүгінде университеттердің сапасы көбіне рейтингтер мен аккредитациялар арқылы бағаланады. Мен сапаға ұмтылуды қолдаймын, бірақ оны тек Гарвардпен салыстыру арқылы өлшеуге болмайды. Үш жыл бұрын біз Орталық Азия ректорлар одағын құрып, “Tolyq Adam” бағдарламасын әзірледік. Бүгінде осы жұмыстың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз – The Awards Asia 2026 сыйлығы тағайындалды. Бұл Орталық Азия университеттерінің өздерінің табысты бастамаларын қалыптастыра алатынын көрсетеді», - деді AlmaU негізін қалаушы әрі президенті Асылбек Кожахметов,
«Жоғары білім беру саласындағы негізгі мәселелердің бірі - университеттердің автономиясы мен мемлекеттік реттеу арасындағы тепе-теңдік. Кейбір елдерде университеттер жоғары деңгейдегі дербестікке ие болып, білім беру бағдарламаларының құнын өздері белгілейді, ал басқа мемлекеттерде мемлекеттік бақылау күшейтілген. Географиялық орналасу да маңызды фактор болып табылады. Орталық Азия Еуразияның дәл ортасында орналасқан, бұл бір жағынан үлкен мүмкіндік берсе, екінші жағынан көршілес өңірлердегі күрделі жағдайларды ескеруді талап етеді. Университеттер өздерінің мәдени мұрасы мен бірегей болмысын сақтай отырып, өзіндік даму модельдерін қалыптастыра алады», - деді Макгилл университетінің доценті Эмма Харден-Вольфсон.
Конференция аясындағы ерекше оқиғалардың бірі жасанды интеллект дәуіріндегі университеттердің трансформациясына арналған «Universities after AI: A Blueprint for the Next Generation Institutions of Learning» халықаралық басылымының таныстырылымы болды. Таныстырылым барысында халықаралық сарапшылар жасанды интеллекттің жоғары білімнің болашағына және жаңа буын университеттерінің модельдеріне ықпалын талқылады.
Спикерлер қатарында Global Education Futures негізін қалаушы әрі директоры Павел Лукша, IAUP президенті әрі Sias University негізін қалаушы Шон Чен, Daffodil International University негізін қалаушы әрі төрағасы Сабур Хан, Кавказ университетінің президенті және IAUP-тың бұрынғы президенті Каха Шенгелия, сондай-ақ Yandex Education ұйымының білім беру жөніндегі кеңесшісі Наталья Цеботари болды.
«Жасанды интеллект өміріміздің барлық саласына қарқынды еніп, өзін-өзі үздіксіз дамытып келеді. Егер бұрын университеттердің негізгі міндеті білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету болса, бүгінде жасанды интеллект кез келген ақпаратқа дерлік қол жеткізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің дәстүрлі қағидаттары жаңа сын-қатерлерге тап болып, қайта қарауды қажет етуде. Бұл өзгерістердің әсері әсіресе екінші эшелондағы университеттерде айқын байқалады. Дегенмен олардың маңызды артықшылығы бар: көпғасырлық дәстүрлердің шектеуіне тәуелді болмағандықтан, олар жаңа жағдайларға жылдамырақ бейімделе алады. Сонымен қатар жасанды интеллектіні үздіксіз қолданудың өз тәуекелдері де бар: адамдар ақпаратты бұрынғыдан әлдеқайда тез алады, бірақ оны дәл сондай жылдам ұмытып қалуы мүмкін. Университеттің мақсаты тек білім беру емес. Оның басты миссиясы - студентке әлемнің тұтас бейнесін көруге, құбылыстардың өзара байланысын түсінуге және өз орнын табуға көмектесу. Біздің кітабымыз да дәл осы идеяларға арналған», - деп бөлісті Global Education Futures негізін қалаушы әрі директоры Павел Лукша.
«Калькуляторлар пайда болған кезде көптеген адамдар біртіндеп ойша есептеуді азайта бастады. Бүгінде соған ұқсас жағдай жасанды интеллектпен де қайталануда: кейбір қалыптасқан дағдылардың жоғалып кету қаупі бар. Сондықтан университеттер тек ИИ-ді енгізумен шектелмей, технологиялар адам әлеуетін дамытуға көмектесетін білім беру ортасын қалыптастыруы қажет. Біз көптеген студенттердің университетте жалығып қалатынын және көбіне тек диплом алу үшін келетінін білеміз. Қазіргі заманғы жоғары оқу орындарына дәстүрлі кітапханалармен қатар, студенттер инновациялар жасап, болашаққа қажетті практикалық дағдыларды меңгере алатын AI-зертханалар да қажет», - деді Сабур Хан.
13 маусым күні конференция AlmaU университетінде жаһандық үрдістерді талқылаумен жалғасты. Панельдік сессия барысында қатысушылар жаһандық жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын және алдағы онжылдықта оның дамуы мен ықпалын айқындайтын негізгі трендтерді талқылады. Сессияның модераторы CETYS университеттік жүйесінің халықаралық стратегиялық бастамалар жөніндегі директоры және Солтүстік Америка жоғары білім саласындағы ынтымақтастық консорциумының (CONAHEC) атқарушы директоры Ноэ Чирино-Эрнандес болды. Панельдік талқылауға Лихай университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті әрі проректоры Шерил Мазерли, Нархоз университетінің проректоры Ерлан Шуланов, Higher Education Strategy Associates ұйымының жаһандық ынтымақтастық жөніндегі директоры Дара Мельник және Сиам университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Йинг Савхени қатысты.
«Осы үш күн ішінде біз жоғары білім беруді интернационалдандыру, өзгеріп жатқан жаһандық күн тәртібі және университеттер тап болып отырған жаңа сын-қатерлер сияқты кең ауқымды мәселелерді талқыладық. Бүгінде университеттер жай ғана білім беру орталығы емес, оқыту, зерттеу, инновация және студенттік қауымдастықты дамыту бағыттарын біріктіретін көпфункциялы хабтарға айналды. AlmaU үшін бұл конференция мазмұнды пікірталастар алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа жобаларды іске қосуға, халықаралық серіктестіктерді нығайтуға және жоғары білімнің болашағына қатысты ортақ шешімдер іздеуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті конференцияның жабылу салтанатында AlmaU ректоры Тимур Булдыбаев.
Іс-шара аясында 40-тан астам ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Халықаралық университеттер арасындағы серіктестікті дамыту бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, үздік тәжірибелермен алмасуға және жоғары білім беру саласындағы жаһандық әріптестікті нығайтуға бағытталған. Одан кейін AlmaU университетінде ректорлар мен жоғары оқу орындарының басшыларына арналған «Impactful Leadership for Rectors & University Executives» атты қарқынды оқыту бағдарламасы басталды.
IAUP Central Asia 2026 конференциясының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор. Аталған іс-шара еліміздің халықаралық беделін нығайтуға, академиялық байланыстарды дамытуға, білім беру саласына жаңа серіктестіктер мен инвестициялар тартуға, сондай-ақ Қазақстанның ғылым, білім және инновациялардың өңірлік орталығы ретіндегі тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
«Impact-driven universities: Education, Leadership and Societal Change» тақырыбындағы IAUP Central Asia Regional Conference конференциясына Орталық Азия, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия-Тынық мұхиты өңірінен 20-дан астам елдің 100-ден аса университет басшылары, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың және сарапшылық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Іс-шараны Almaty Management University (AlmaU) және Халықаралық университеттер президенттері қауымдастығымен (IAUP) бірлесіп ұйымдастырды. Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, The Phoenix Philanthropy Group, British Council, QS Quacquarelli Symonds, Principles for Responsible Management Education (PRME) ұйымының Еуразиялық бөлімшесі және Алматы қаласының Туризм бюросының қолдауымен өтті.Конференция қатысушыларына IAUP президенті әрі Sias University негізін қалаушы Шон Чен, AlmaU негізін қалаушысы әрі президенті Асылбек Кожахметов құттықтау сөз арнады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнеүндеу жолдады.
«Қазақстан жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Соңғы жылдары маңызды заңнамалық бастамалар қабылданып, университеттерді қолдаудың жаңа тетіктері енгізілді. Соның ішінде эндаумент-қорларды дамытуға және жекеменшік жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі конференция академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, түлектердің еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін арттыруға, ғылыми серіктестікті дамытуға және болашақ мамандарын даярлауға жаңа серпін береді. Бұл үдерістерде жасанды интеллекттің рөлі ерекше, себебі ол білім беру жүйесінің трансформациясын жеделдететін негізгі факторлардың біріне айналып отыр. AlmaU университеті жекеменшік жоғары оқу орындарының ірі халықаралық бастамаларды жүзеге асырып, еліміздің білім беру экожүйесінің дамуына елеулі үлес қоса алатынын көрсетіп келеді», - деді Саясат Нұрбек.«Орталық Азия – әлемдегі ең көп жастардың шоғырланған өңірі. Сондықтан осындай халықаралық конференциялардың аймақ үшін маңызы ерекше. Мұндай алаңдар тек пікір алмасу немесе өзекті мәселелерді талқылау үшін ғана ұйымдастырылмайды. Ең бастысы – халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп шешім табуға және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашады», - атап өтті Шон Чен.

«Орталық Азия университеттері енді жаһандық үрдістерді жай ғана бақылап, соңынан еретін кезеңнен өтті. Біз сол үрдістерді қалыптастыруға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Тұрақты даму, жасанды интеллект, экономикалық және әлеуметтік әсер, сондай-ақ инклюзивті даму бағыттарындағы халықаралық зерттеулерге белсенді қатысуды мақсат етеміз. Төзімділікке, бейімделгіштікке және қауымдастық құндылықтарына негізделген көшпенділер философиясынан бастау алатын білім беру тәжірибеміз әлемдік академиялық қауымдастық үшін қызықты әрі пайдалы болуына сенеміз. Біз өңір жастарының әлем университеттерінде еркін білім алуын, ал әлемнің түкпір-түкпірінен студенттердің Орталық Азияға келіп оқуын қалаймыз», - бөлісті Асылбек Кожахметов.

Конференцияның алғашқы күніндегі негізгі халықаралық спикерлердің бірі геосаясат және геоэкономика саласының стратегы, John von Neumann University Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Норберт Чизмадиа болды. Ол өз сөзінде университеттердің зияткерлік капиталды қалыптастырудағы және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.
«IAUP -жай ғана өңірлік конференция емес, бұл жаһандық деңгейдегі конференция. Біз бүгін не істеуіміз керек, ертең жақсы болуы үшін деген сұрақты өзімізге жиі қоюымыз қажет. Бирюзалық аймақ (Turquoise Zone) - аспан мен жерді біріктіретін жаңа тұжырымдама. Бұл қазақ тіліндегі “көк” сөзінің мағынасына ұқсайды. Университеттер - қалалар мен мемлекеттердің дамуының басты қозғаушы күші. Болашақтың супер-медиатрендтері қарқынды дамып келеді», - деді ол.
Конференция бағдарламасы бірқатар пленарлық және панельдік сессиялармен жалғасты.«Халықаралық стандарттар және нәтижеге бағдарланған университеттердің болашағы» тақырыбындағы пленарлық сессияны IAUP басқарма төрағасы әрі CETYS University (Мексика) президенті Фернандо Леон-Гарсия модерациялады және British Council – мен серіктестікте ұйымдастырылды.
Талқылауға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының директоры Алибек Мадибеков, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Самғат Ермекбаев, New England Commission of Higher Education президенті Лоуренс М. Шалл, Ұлыбританияның Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (QAA) жөніндегі атқарушы директоры Роб Страуд және Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дауленов қатысты.

«Жаһандық стандарттар барлық елдерде бірдей тиімді бола бермейді. Сондықтан оларды ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып бейімдеу маңызды. Контексті ескеру стандарттардың өзектілігі мен тиімділігін арттырып, мемлекеттер мен өңірлердің бірлесіп дамуына және тұрақты өсіміне мүмкіндік береді», - деді Алибек Мадибеков.
«Кәсіби тәжірибемде халықаралық білім беру стандарттарының енгізілуіне куә болдым. Бүгінде Қазақстанда білім алуға ниет білдіретін шетелдік студенттердің саны айтарлықтай артып келеді, алайда қолда бар ресурстар бұл сұранысты толық қамтамасыз етуге әрдайым жеткілікті бола бермейді. Өтініштердің көбеюіне халықаралық білім беру бағдарламалары мен қос диплом жобаларының дамуы ықпал етті. Сонымен қатар дарынды жастардың өз елінде сапалы білім алып, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Бұл үшін білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, университеттердің академиялық әлеуетін нығайту қажет. Сонымен бірге қазіргі рейтингтік жүйелер көбінесе маркетингтік көрсеткіштер мен рейтингтік позицияларға басымдық береді, ал білім беру үдерістерінің сапасы мен академиялық ортаның мазмұны көп жағдайда назардан тыс қалады. Дегенмен талапкерлер үшін университет таңдауда рейтингтер маңызды фактор болып қала береді», - деп бөлісті Самғат Ермекбаев.
«NECHE аккредиттеу тәжірибесінде біз талаптарға толық сәйкес келмесе де, өзіндік тиімді әрі инновациялық тәжірибелерді жүзеге асырып отырған университеттерді жиі кездестіреміз. Осыған байланысты аккредиттеу жүйесін қайта қарап, стандарттар санын тоғыздан беске дейін қысқарттық. Бұл өзгерістің мақсаты университеттердің жұмысын жеңілдету емес, олардың өз жетістіктері мен қызмет нәтижелерін аккредиттеу барысында неғұрлым мазмұнды әрі кешенді түрде көрсетуіне мүмкіндік беру болды», - бөлісті Лоуренс М.Шалл.
«Ұлыбританияда QAA аясында біз білім беру стандарттарын тұрақты түрде қайта қарап отырамыз.Ең жоғары импактке қол жеткізу үшін стандарттарды үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру қажет.Контекстуализация аса маңызды, себебі әр елдің өз ерекшелігі, құндылықтары және қоғамдық сұраныстары бар. Бұрын Ұлыбританияда студенттердің қанша білім алғаны маңызды болса, бүгінде сол білімді қалай қолданатыны әлдеқайда маңызды», - қосты Роб Страуд.
«Қоғамдық импактіні өлшеу өте күрделі, себебі оның әсері уақыт өте келе көрінеді. Барлық нәрсе жарияланымдар саны мен формалды көрсеткіштер арқылы өлшенбейді.Қоғамдық ықпал тұрғысынан AlmaU-ды әсері жоғары университеттердің бірі ретінде атауға болады. Тіпті Гарвард өкілдерінің өзі қоғамдық импактіні толыққанды өлшеуге ұмтылмайтынын айтады.Ықпалдың басты көрсеткіші тек сандық метрикалар емес, қоғам мен әлемге нақты пайда әкелетін түлектер болып табылады.Тек рейтингтер мен көрсеткіштерге назар аударып, қоғамға тигізетін нақты әсерін екінші орынға қоятын университеттер де бар» - айтып өтті Мирас Дауленов
Бірінші панельдік сессия барысында қатысушылар кәсіпкерлік университеттерді экономикалық және қоғамдық өзгерістердің драйвері ретінде талқылады. Сессияны кәсіпкерлік білім беру саласындағы әлемнің жетекші университеттерінің бірі – Babson College деканы Амир Реза жүргізді.
«Babson College колледжінде біз студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын шектемей, оларға болашақты қалыптастыруға қажетті дағдылар мен құралдарды беруге ұмтыламыз. Біздің мақсатымыз - тек стартап құруды үйрету емес, жастардың жаңа мүмкіндіктер жасап, әлемді өзгерте алатын ойлау қабілетін дамыту», - бөлісті ол.
Пікірталасқа Kusto Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы, AlmaU Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев қатысты.
«Бүгінде Орталық Азиядағы көптеген студенттер ересек өмірдің нақты талаптары мен сын-қатерлеріне толық дайын емес. Жақсы кеңес алтыннан қымбат, алайда жастардың көбі кеңес сұраудың өзіне мән бермейді. Мен ашықтыққа, адалдыққа және тұлғалық дамуға сенемін. Дағдылар - туа бітетін қасиет емес. Оларды өмір бойы дамытып, жетілдіруге болады», - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев университеттер мен бизнестің өзара әрекеттесуінің маңыздылығы туралы айтты. Ал Team University бас директоры Хикмат Абдурахманов Өзбекстандағы жеке университеттерде кәсіпкерлік білім беру мен инновациялық мәдениетті дамыту тәжірибесімен бөлісті. Future Readiness Forum және Xponential Group ұйымдарының президенті әрі бас атқарушы директоры Тарик Курейши де өз тәжірибесін ұсынды.
QS Quacquarelli Symonds ұйымымен серіктестікте өткен «Жоғары білім және орнықты даму: әлемге қажетті университеттер» атты сессияны QS Impact жобаларының жетекшісі Зоя Зайцева жүргізді. Оның айтуынша:
«Жасанды интеллект сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан студенттерді жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істеуге даярлау деңгейі бойынша жоғары көрсеткіштерге ие. Алайда қолда бар мүмкіндіктерге қарамастан, түлектердің жұмыс берушілердің күткен талаптарына сәйкестігі бойынша көрсеткіштер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Бұған білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы алшақтық, сондай-ақ құзыреттерге қойылатын талаптардың жылдам өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Бұл университеттер, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, заманауи білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың маңыздылығын көрсетеді», - деді.
«Sunway University-де біз сапалы білім беру тек кәсіби (hard skills) және икемді дағдыларды (soft skills) дамытуымен шектелмейді деп есептейміз. Сонымен қатар студенттердің құндылықтарын, мінез-құлқын және дүниетанымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз. Біздің мақсатымыз – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды ғана емес, қоғамның дамуына және жаһандық мәселелерді шешуге үлес қоса алатын жауапты азаматтарды тәрбиелеу. Түлектеріміздің оқу аяқталғаннан кейінгі алғашқы алты ай ішінде жоғары деңгейде жұмысқа орналасуы осы тәсілдің тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар біз білім алуды үздіксіз процесс ретінде қарастырамыз және түлектерімізге оқуын аяқтағаннан кейін екі жыл бойы lifelong learning қағидаты аясында білімін жалғастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Біз үшін түлектердің қоғамға қызмет етіп, қоғамдық құндылық қалыптастыруы аса маңызды. Себебі қоғамды басқаруға ниетті адамдар әрдайым көп болғанымен, оның дамуына жауапкершілікпен үлес қосуға дайын азаматтар әлдеқайда аз», - атап өтті Sunway University президенті әрі вице-канцлері Сибрандес Поппема.
Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің білім беру жөніндегі ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаева университеттердің Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі және жауапты білім беру қағидаттарын ілгерілетудегі рөлі туралы баяндады. Орталық Азия университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Сарварбек Рахматиллаев Өзбекстанның орнықты даму қағидаттарын білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Үшінші панельдік сессия Азиядағы жеке жоғары білім беру жүйесінің әртүрлі модельдері мен ортақ сын-қатерлеріне арналды. Пікірталасты AlmaU Тұрақты даму орталығының директоры Анель Кулахметова жүргізді.
«Кореяда біз 20-30 жас аралығындағы білім алуға және жаңа дағдыларды меңгеруге ұмтылатын адамдар санының тұрақты өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Еңбек нарығы технологиялық мамандықтарға сұраныстың жоғары екенін көрсетуде, сондықтан университеттер білім беру бағдарламаларын жаңа талаптарға бейімдеуде.Сонымен қатар біз қоғамға қызмет ету мен студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ерекше мән береміз», - атап өтті Seoul Cyber University президенті Ын-Джу Ли.
IAUP бас хатшысы әрі Tanioka Gakuen білім беру қорының вице-канцлері Тацуро Таниока Жапонияда жеке жоғары оқу орындарының үлесі шамамен 80% екенін атап өтіп, олардың елдегі жоғары білімді дамытуда, кадр даярлауда және инновацияларды енгізуде шешуші рөл атқаратынын айтты:
«Бұл тәжірибе мемлекет, академиялық қауымдастық және бизнес арасындағы ынтымақтастықты дамыту қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халықаралық серіктестік пен үздік тәжірибелермен алмасу университеттерге заман талабына тиімді жауап беруге және жаһандық еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді».
Сондай-ақ Нишанташи университетінің ректоры Ayşegül Komsuoğlu Çıtıpıtıoğlu Түркиядағы жеке жоғары білім берудің даму үрдістері туралы айтты:
«Біз студенттерге үйрете алатын ең маңызды нәрсе - өз бетінше ойлау қабілеті. Қазіргі студенттерге жылдам өзгеретін әлемге бейімделу дағдысы жиі жетіспейді.Сондықтан көшбасшылық қасиеттерді, этикалық құзыреттерді және сыни ойлауды дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет».
SDU университетінің проректоры Давронжон Гаипов Қазақстандағы жеке жоғары білім беру секторының дамуы мен білім сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды:
«Біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі - студенттердің тұрақты даму бағытын белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Барлық студенттер алдымен Тұрақты даму мақсаттарының (SDGs) теориялық негіздерін меңгеріп, кейін алған білімдерін нақты жобалар арқылы тәжірибеде қолданады».
Келесі панельдік сессия «Орталық Азия: жаһандық жоғары білімдегі жаңа үн» тақырыбына арналды және Rectors’ Club: Central Asia+ пен серіктестікте өтті. Модератор ретінде Йель университетінің Орталық Азия бағдарламасының доценті Нариман Шелекпаев сөз сөйледі. Талқылауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Канада елдерінен келген университет басшылары қатысты. Талқылауға AlmaU негізін қалаушысы және президенті Асылбек Кожахметов, McGill University доценті Эмма Харден-Вольфсон, Орталық Азиядағы Америка университетінің вице-президенті Чинара Рыскулова және Хазар университетінің экономика және менеджмент факультетінің деканы Дилара Расулова және ректор ALT University Меруерт Жармагамбетова қатысты.
«Бүгінде университеттердің сапасы көбіне рейтингтер мен аккредитациялар арқылы бағаланады. Мен сапаға ұмтылуды қолдаймын, бірақ оны тек Гарвардпен салыстыру арқылы өлшеуге болмайды. Үш жыл бұрын біз Орталық Азия ректорлар одағын құрып, “Tolyq Adam” бағдарламасын әзірледік. Бүгінде осы жұмыстың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз – The Awards Asia 2026 сыйлығы тағайындалды. Бұл Орталық Азия университеттерінің өздерінің табысты бастамаларын қалыптастыра алатынын көрсетеді», - деді AlmaU негізін қалаушы әрі президенті Асылбек Кожахметов,
«Жоғары білім беру саласындағы негізгі мәселелердің бірі - университеттердің автономиясы мен мемлекеттік реттеу арасындағы тепе-теңдік. Кейбір елдерде университеттер жоғары деңгейдегі дербестікке ие болып, білім беру бағдарламаларының құнын өздері белгілейді, ал басқа мемлекеттерде мемлекеттік бақылау күшейтілген. Географиялық орналасу да маңызды фактор болып табылады. Орталық Азия Еуразияның дәл ортасында орналасқан, бұл бір жағынан үлкен мүмкіндік берсе, екінші жағынан көршілес өңірлердегі күрделі жағдайларды ескеруді талап етеді. Университеттер өздерінің мәдени мұрасы мен бірегей болмысын сақтай отырып, өзіндік даму модельдерін қалыптастыра алады», - деді Макгилл университетінің доценті Эмма Харден-Вольфсон.Конференция аясындағы ерекше оқиғалардың бірі жасанды интеллект дәуіріндегі университеттердің трансформациясына арналған «Universities after AI: A Blueprint for the Next Generation Institutions of Learning» халықаралық басылымының таныстырылымы болды. Таныстырылым барысында халықаралық сарапшылар жасанды интеллекттің жоғары білімнің болашағына және жаңа буын университеттерінің модельдеріне ықпалын талқылады.
Спикерлер қатарында Global Education Futures негізін қалаушы әрі директоры Павел Лукша, IAUP президенті әрі Sias University негізін қалаушы Шон Чен, Daffodil International University негізін қалаушы әрі төрағасы Сабур Хан, Кавказ университетінің президенті және IAUP-тың бұрынғы президенті Каха Шенгелия, сондай-ақ Yandex Education ұйымының білім беру жөніндегі кеңесшісі Наталья Цеботари болды.
«Жасанды интеллект өміріміздің барлық саласына қарқынды еніп, өзін-өзі үздіксіз дамытып келеді. Егер бұрын университеттердің негізгі міндеті білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету болса, бүгінде жасанды интеллект кез келген ақпаратқа дерлік қол жеткізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің дәстүрлі қағидаттары жаңа сын-қатерлерге тап болып, қайта қарауды қажет етуде. Бұл өзгерістердің әсері әсіресе екінші эшелондағы университеттерде айқын байқалады. Дегенмен олардың маңызды артықшылығы бар: көпғасырлық дәстүрлердің шектеуіне тәуелді болмағандықтан, олар жаңа жағдайларға жылдамырақ бейімделе алады. Сонымен қатар жасанды интеллектіні үздіксіз қолданудың өз тәуекелдері де бар: адамдар ақпаратты бұрынғыдан әлдеқайда тез алады, бірақ оны дәл сондай жылдам ұмытып қалуы мүмкін. Университеттің мақсаты тек білім беру емес. Оның басты миссиясы - студентке әлемнің тұтас бейнесін көруге, құбылыстардың өзара байланысын түсінуге және өз орнын табуға көмектесу. Біздің кітабымыз да дәл осы идеяларға арналған», - деп бөлісті Global Education Futures негізін қалаушы әрі директоры Павел Лукша.
«Калькуляторлар пайда болған кезде көптеген адамдар біртіндеп ойша есептеуді азайта бастады. Бүгінде соған ұқсас жағдай жасанды интеллектпен де қайталануда: кейбір қалыптасқан дағдылардың жоғалып кету қаупі бар. Сондықтан университеттер тек ИИ-ді енгізумен шектелмей, технологиялар адам әлеуетін дамытуға көмектесетін білім беру ортасын қалыптастыруы қажет. Біз көптеген студенттердің университетте жалығып қалатынын және көбіне тек диплом алу үшін келетінін білеміз. Қазіргі заманғы жоғары оқу орындарына дәстүрлі кітапханалармен қатар, студенттер инновациялар жасап, болашаққа қажетті практикалық дағдыларды меңгере алатын AI-зертханалар да қажет», - деді Сабур Хан.
13 маусым күні конференция AlmaU университетінде жаһандық үрдістерді талқылаумен жалғасты. Панельдік сессия барысында қатысушылар жаһандық жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын және алдағы онжылдықта оның дамуы мен ықпалын айқындайтын негізгі трендтерді талқылады. Сессияның модераторы CETYS университеттік жүйесінің халықаралық стратегиялық бастамалар жөніндегі директоры және Солтүстік Америка жоғары білім саласындағы ынтымақтастық консорциумының (CONAHEC) атқарушы директоры Ноэ Чирино-Эрнандес болды. Панельдік талқылауға Лихай университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті әрі проректоры Шерил Мазерли, Нархоз университетінің проректоры Ерлан Шуланов, Higher Education Strategy Associates ұйымының жаһандық ынтымақтастық жөніндегі директоры Дара Мельник және Сиам университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Йинг Савхени қатысты.
«Осы үш күн ішінде біз жоғары білім беруді интернационалдандыру, өзгеріп жатқан жаһандық күн тәртібі және университеттер тап болып отырған жаңа сын-қатерлер сияқты кең ауқымды мәселелерді талқыладық. Бүгінде университеттер жай ғана білім беру орталығы емес, оқыту, зерттеу, инновация және студенттік қауымдастықты дамыту бағыттарын біріктіретін көпфункциялы хабтарға айналды. AlmaU үшін бұл конференция мазмұнды пікірталастар алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа жобаларды іске қосуға, халықаралық серіктестіктерді нығайтуға және жоғары білімнің болашағына қатысты ортақ шешімдер іздеуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті конференцияның жабылу салтанатында AlmaU ректоры Тимур Булдыбаев.Іс-шара аясында 40-тан астам ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Халықаралық университеттер арасындағы серіктестікті дамыту бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, үздік тәжірибелермен алмасуға және жоғары білім беру саласындағы жаһандық әріптестікті нығайтуға бағытталған. Одан кейін AlmaU университетінде ректорлар мен жоғары оқу орындарының басшыларына арналған «Impactful Leadership for Rectors & University Executives» атты қарқынды оқыту бағдарламасы басталды.
IAUP Central Asia 2026 конференциясының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор. Аталған іс-шара еліміздің халықаралық беделін нығайтуға, академиялық байланыстарды дамытуға, білім беру саласына жаңа серіктестіктер мен инвестициялар тартуға, сондай-ақ Қазақстанның ғылым, білім және инновациялардың өңірлік орталығы ретіндегі тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Обсудить
Другие статьи:
The Future of Higher Education Discussed in Almaty: IAUP and AlmaU Bring Together the Global Academic Community
13 Маусым 2026, Сенбі
Похожие материалы:
13 Маусым 2026, Сенбі
The Future of Higher Education Discussed in Almaty: IAUP and AlmaU Bring Together the Global Academic Community
23 Сәуір 2026, Бейсенбі
Kazakhstan’s Educational Model Based on the Philosophy of Abai Has Been Recognised as the Best in Asia: AlmaU Wins THE Awards Asia 2026
17 Сәуір 2026, Жұма
Орталық Азияда ЖИ дәуірі мен тұрақты даму жағдайында университеттердің трансформациясы талқыланды
20 Қырқүйек 2025, Сенбі
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ
14 Қырқүйек 2023, Бейсенбі
Нью-Йорктегі саммит қарсаңында Орталық Азия республикаларының президенттері Тәжікстанда кездесетір болды
Комментарии (0)

