ШЫМКЕНТТЕ АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында «Himmel Aluminium» алюминий профильдерін өндіретін жаңа зауыт ашылды.Жаңа өндіріс орны өңдеу өнеркәсібін дамытуға, өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыруға және еліміздің өңірлерін отандық өндірістің сапалы металл өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жоба аясында іске асырылып отыр.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық жобалық қуатына шыққаннан кейін 80 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Зауыттың өндірістік мүмкіндігі жыл сайын 3,8 мың тоннаға дейін алюминий профиль шығаруға мүмкіндік береді.
Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам болып отыр. Жобаны жүзеге асыру отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы орнын нығайтып қана қоймай, импортты алмастыру үдерісін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Обсудить
Другие статьи:
ШЫМКЕНТТЕ АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
15 Қырқүйек 2026, Сейсенбі
ҚҰРМЕТТІ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
15 Қырқүйек 2026, Сейсенбі
Сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту: болашаққа бет бұрған инфрақұрылым саясаты
15 Қырқүйек 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
23 Маусым 2026, Сейсенбі
Шымкентте «Himmel Aluminium» зауыты іске қосылды: өңір экономикасына жаңа серпін
Комментарии (0)





