Байланысқа арналған телефондар:
» » ШЫМКЕНТТЕ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

01 Қазан 2026, Бейсенбі
1 828
0
Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аға буын өкілдерінің шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады. Қала әкімі Рахматулла Мәуленов, Өркен Әбдіреев, Шәки Күлмажитов және Сәбит Рүстемовтің үйлерінде болды.
Кездесу барысында қариялар өздерінің естеліктерін бөлісіп, еңбек жолдары мен отбасылық дәстүрлері туралы әңгімеледі. Қала әкімі ардагерлердің көп жылғы еңбегі мен Шымкенттің дамуына қосқан үлесіне алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады, сондай-ақ, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке және жан тыныштығын тіледі.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 105 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оларға арнап өмір сүру сапасын арттыруға, денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтын ұстануға бағытталған түрлі әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
Халықаралық қарттар күніне орай Шымкентте жасы 70-тен асқан 29 841 тұрғынға 3 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек көрсетілді. Сондай-ақ, 80 жастан асқан жалғызбасты 101 қарияға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік төлем беріледі.
Биыл санаторий-курорттық жолдамамен 8 735 адамды қамту жоспарланып, соның ішінде 5 090 адам қамтамасыз етілді. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының төрт бөлімшесінде күн сайын 800-ден астам зейнеткер түрлі іс-шараларға қатысады. Олар үшін спорттық, шығармашылық және сауықтыру бағытындағы сабақтар ұйымдастырылған.
70 жастан асқан тұрғындар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Сонымен қатар қарияларға театрларға, музейлерге, хайуанаттар бағына және дендросаябаққа тегін бару қарастырылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мерекеге орай ұйымдастырылған кездесулер аға буын өкілдері үшін ерекше қуанышқа айналды. Мұндай күндері қарияларға көңіл бөліп, олардың жағдайын сұрап, мерекемен құттықтау дәстүрі жалғасын табады. Қалада тұратын қарттардың әрқайсысы өз өмір жолында талай кезеңді басынан өткеріп, бүгінгі күнге дейін жеткен үлкен тәжірибесін кейінгі ұрпақпен бөлісіп келеді.

Бүгінде зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне де мүмкіндік мол. Олар түрлі мәдени орындарға барып, қоғамдық көлікті пайдаланып, арнайы орталықтарда өткізілетін сабақтарға қатыса алады. Қарттарға арналған мұндай мүмкіндіктер күнделікті өмірін жеңілдетіп, уақыттарын қызықты өткізуіне жол ашады.
Халықаралық қарттар күні аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі еске алынатын ерекше мерекелердің бірі болып саналады. Бұл күні ғана емес, жылдың әр мезгілінде қарияларға көңіл бөліп, олардың жағдайына назар аудару маңызды.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать