Астанада заңсыз төгілген қоқыс орындарынан 230 мың тоннадан астам қалдық шығарылды
Астанада 2026 жылдың басынан бері заңсыз қоқыс орындарынан 232 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Елорда аудандарында аумақтар тұрақты түрде тексеріліп, оның ішінде ғарыштық мониторинг те жүргізіледі. Анықталған орындар тазартылып, абаттандыру ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Нұра ауданында 64 аумақ тазартылып, 96 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 66 жеке және 153 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сарыарқа ауданында 19 заңсыз қоқыс орны анықталып, жойылды. Бұл аумақтардан 16 мың тоннадан астам қалдық шығарылды.
Байқоңыр ауданында 38 аумақ тазартылып, 40 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Тазартылған орындардың қатарында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ анықтаған сегіз аумақтың бәрі бар. Бұл жұмыс 101, Үшқоңыр, Жұбанов, Пушкин, Өндіріс, Циолковский, Тайбурыл және Мұнайшылар көшелерінде, сондай-ақ «Алай» базарының маңында, Солтүстік айналма жолы мен Алаш даңғылы бойында және Пушкин көшесіндегі теміржол өткелінің жанында жүргізілді.
Есіл ауданында ғарыштық бақылау арқылы заңсыз қоқыс төгілген төрт аумақ анықталды. Ондағы 19 орынның барлығы тазартылды. Жыл басынан бері аудан аумағынан 45 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Бұл жағдай қайталанбас үшін қоқыс жиі төгілетін орындарға қоршаулар қойылып жатыр.
Сарайшық ауданында ғарыштық мониторинг көмегімен 25 заңсыз қоқыс орны анықталды. Олардың барлығы жойылды. Жыл басынан бері ауданнан 35 мың тоннадан астам қалдық шығарылды.
Аудан әкімдіктері аумақтарды тұрақты тексеріп, тазартылған жерлердің жағдайын қадағалап отырады. Тұрғындар мен кәсіпкерлерге абаттандыру талаптарын сақтау, қоқысты уақытында шығару және құрылыс пен тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға төгу қажеттігі ескертіледі.
Обсудить
Другие статьи:
Астанада заңсыз төгілген қоқыс орындарынан 230 мың тоннадан астам қалдық шығарылды
11 Қараша 2026, Сәрсенбі
Более 230 тысяч тонн отходов вывезли с несанкционированных свалок в Астане
11 Қараша 2026, Сәрсенбі
Еңбекші ауданы жаңарып жатыр: қоғамдық кеңістіктерді дамытудағы жаңа серпін
11 Қараша 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
18 Сәуір 2026, Сенбі
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА АУЛА» АКЦИЯСЫ: 55 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
28 Қантар 2025, Сейсенбі
Шымкентте «Таза бейсенбі» акциясы жалғасын тапты: 50 тоннадан астам қоқыс жиналды
Комментарии (0)




