Арманына адал жас: Түркістан студенті Superstar Kazakhstan финалында
Физика-математика лицейінен үлкен сахнаға дейін. Жақындарының күмәніне қарамастан, арманынан бас тартпаған Еділхан Нұрғазының оқиғасы. 21 жастағы Еділхан Нұрғазы — Алматы қаласының тумасы. Бала кезінен ән айтуға құмар болып, түрлі іс-шараларда өнер көрсетіп өскен. Алайда жақындары оның музыкаға деген қызығушылығын болашақ мамандығы ретінде қабылдай қоймаған. Физика-математика лицейін тәмамдаған соң, Еділхан көпшілік күтпеген шешім қабылдап, эстрадалық вокал мамандығына түсуге бел буады. Оның үстіне, бұл кезде арнайы музыкалық білімі де болмаған. Жақындары өнер жолының болашағына алаңдап, оны бұл таңдауынан бас тартуға көндірмек болған. «Үлкен сахнаға шығу үшін таныс-тамыр керек. Әйтпесе, ең көбі мейрамханаларда ән айтасың», — деген сөздерді де естіген. Алайда Еділхан арманынан бас тартпады. Алғашында Алматыдағы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсуді жоспарлаған. Бірақ музыкалық білімінің болмауы оған кедергі болды. Осыдан кейін ол музыкалық білім алуды Түркістан қаласында жалғастыруға шешім қабылдайды. Бұл таңдауы да көпшілікті таңғалдырған. «Жастардың көбі Алматыға оқуға ұмтылып жатқанда, сен неге Түркістанға барасың?» — деген сұрақтарды да естіген. Алайда дәл осы Түркістан қаласы Еділханның өнер жолындағы маңызды белеске айналды. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Спорт және өнер» факультетіне, «Эстрадалық вокал» мамандығына оқуға түсіп, кәсіби тұрғыда шыңдала бастады. Уақыт өте келе жас әнші университет сахнасымен шектелмей, халықаралық байқауларда да өнер көрсетіп, бірнеше мәрте лауреат атанды. Сондай-ақ «Түркі тарланы» атағына ие болды.Бір кездері «үлкен сахнаға шығу үшін таныс керек» деген сөздерді естіген жас өнерпаз бүгінде еліміздегі ең ауқымды музыкалық тележобалардың бірі — Superstar Kazakhstan финалисі! 14 қараша күні Еділхан Нұрғазы №6 қатысушы ретінде финалдық кезеңде өнер көрсетіп, Superstar Kazakhstan жеңімпазы атану үшін бақ сынайды. Шешуші финал Qazaqstan ұлттық арнасында сағат 20:00-де тікелей эфирде өтеді. Кезінде оның таңдауына күмәнмен қарағандар болды. Ал бүгін ол арманына бір қадам жақындап, бүкіл ел алдында өнер көрсетуге дайын! Еділханға қолдау білдіріп, №6 қатысушыға дауыс беріңіздер! Әрбір дауыс оны арманына жақындата түседі!
Обсудить
Другие статьи:
Астанада заңсыз төгілген қоқыс орындарынан 230 мың тоннадан астам қалдық шығарылды
11 Қараша 2026, Сәрсенбі
Более 230 тысяч тонн отходов вывезли с несанкционированных свалок в Астане
11 Қараша 2026, Сәрсенбі
Еңбекші ауданы жаңарып жатыр: қоғамдық кеңістіктерді дамытудағы жаңа серпін
11 Қараша 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






