Байланысқа арналған телефондар:
» » КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУДА

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУДА

23 Тамыз 2023, Сәрсенбі
3 338
0
 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарды тазалау, күтіп ұстау, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал, тұрғындар тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметіне төлеуге міндеттелген. 
 Алайда, тазалық шараларына жұмылдырылған компанияларға кей тұрғындардың абоненттік төлемдер жасауға келгенде жалтаратыны байқалады. Жылдар бойына қордаланған қарыз тазалық шараларын тиісті ережелерге сай атқаруда кедергісін келтіруде. Статистикалық мәліметтер қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындардың барлығының да қалдықтарды шығару қызметімен айналысатын компаниялармен келісім шарт жасасқанын көрсетіп отыр. Алайда, жергілікті аудан әкімдіктері мен компания өкілдері халық арасында тиісті түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп отырғанмен, бұл қызметке төлем уақытылы төленбейді. 
 *Абай ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер: 
 - Тұрлан шағын ауданындағы Есенов көшесіндегі №636, №637, №638 үйлер. Тұрғындардың 62 пайызы төлемеген. Берешегі - 1 458 000 теңге. - Қызылжар тұрғын алабындағы Фабричиный көшесіндегі №14 үй. Тұрғындардың 61 пайызы төлемеген. Берешегі - 462 мың теңге. 
 *Еңбекші ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер: 
- Елшібек батыр көшесіндегі №114 үй. Тұрғындардың 70 пайызы төлемеген. Берешегі -  303 775 теңге.
-  Елшібек батыр көшесіндегі №116 А 80 үй. Тұрғындардың 40% пайызы төлемеген. Берешегі -   183 794 теңге.
 *Қаратау ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер:
- Нұрсат шағынауданындағы №135а, №125,127,130,134а №135б,№221, №23, 164,167,197,204,216,217 үйлер.   Тұрғындардың 35-40 пайызы төлемеген. Берешегі 5 258 485 теңге.
 Әл Фараби ауданы бойынша берешегі көп тұрғын үйлер: 
 - Нұрсат-1 шағынауданындағы №125,127,130,134А,135А,135Б,135В,164,167,197,204,216,217,218,221,238,94 үйлер.  Берешегі  5 258 485 теңге.
 Тұран шағынауданындағы №9/4,9/6,21А,21Г,21/6,21/8,21/9,979/11,979/15,979/16,979/17,979/18,979/9 үйлер. Берешегі -  2 469 789 теңге.
Тілші: Бахытжан Копбаев
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать