Байланысқа арналған телефондар:
» » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 2

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 2

16 ноябрь 2023, Четверг
1 706
0
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КӨП ҚАБАТТЫ 25 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек айтты.
Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. 
Нақтылап айтсақ:
Әл-Фараби ауданына – 364 үй (299 аула)
Қаратау ауданына – 4 үй (4 аула) өтті.
Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. 
Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.
«2023 жылы 35 үйдің ауласын абаттандыру және 4 жеке сектор балалар ойын алаңшасын құру жоспарланған.
Қазіргі таңда көпқабатты 25 үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 2 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды»,-деді Д. Есілбек.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2024 жылға 44 көпқабатты үйдің аулаларын  абаттандыру және жеке секторда 7 мекен-жайда кешенді балалар ойын алаңшасын орнатуға сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді.
Қалған абаттандыруды қажет ететін 39 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, қазіргі таңда 6 алаңшаларды орнату жұмыстары аяқталу сатысында, 1 алаңшаны құру  жұмыстары жүргізілуде.  2024 жылы 11 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда
Ақпарат көзі: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық 
Тілші: Шер-Али Шеримбетов
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать