Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкентте енді қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол төлеуге болмайды

Шымкентте енді қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол төлеуге болмайды

08 Қантар 2025, Сәрсенбі
6
0
Шымкентте енді қоғамдық көліктерде жол ақысын қолма-қол төлеуге болмайды

 Шымкент қаласында қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жойылып, тек электронды төлем жүйелері енгізілді. Бұл шешім қала әкімінің тапсырмасымен қабылданып, арнайы қаулыға негізделді. Енді қоғамдық көлікте көлік картасы, QR код, СМС, банк карталары, NFC, Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay сияқты электронды төлем әдістері арқылы ғана төлем жасауға болады.
  Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, бұл өзгеріс жүргізушілердің қолма-қол ақшамен төлем қабылдау кезінде көлік басқарудан алаңдауы мен жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуін тоқтатады. Бұған дейін қоғамдық көлікте түсініспеушіліктер мен шағымдар жиі тіркелген, әсіресе жолаушылардың жүргізушілерге қолма-қол ақшамен төлеуге мәжбүр болуы мен кей жағдайларда автобус есіктерінің ашылмауы мәселелері орын алған. Жыл басынан бері қоғамдық көліктерге қатысты 6 мыңнан астам арыз-шағым түссе, оның үш мыңнан астамы жүргізушілерге қатысты болған.
  Сараптама нәтижелері көрсеткендей, автобустардағы транзакциялардың 97%-ы электронды жүйелер арқылы жүзеге асқан, тек 3%-ы ғана қолма-қол ақшамен төленген. Бұл көрсеткіш жолаушылардың электронды төлем жүйесін қолдануда жоғары сұраныс танытатынын көрсетеді.
 Әкімдік енгізілетін өзгерістердің көлеңкелі ақша айналымын азайтуға, қоғамдық көліктердің уақытында жүруін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын төмендетуге ықпал ететінін мәлімдеді. Қазіргі таңда Шымкентте 80 тұрақты маршрутта 947 автобус жұмыс істейді. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар 
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкенттің жастар энергиясы 08 Қантар 2025, Сәрсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать