10) ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданы 100 пайыз газбен қамтылады
ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданы 100 пайыз газбен қамтылады
Сайрам ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандағы 42 елді мекеннің 37-сі табиғи газбен қамтылған. Ақарыс және Оймауыт ауылдарының газ жүйелерінің құрылысы аяқталып, қосымша Құтарыс пен Қызалжар ауылдарына жалғанады. Облыстық бюджет есебінен Көлкент, Құтарыс және Қызылжар елді мекендерінде газ құбыры құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар аяқталғаннан кейін, аудан толықтай газбен қамтылатын болады.
Сайрам ауданында газ тарату жүйесі үшін 3 газ станциясы орнатылған: Ақбұлақ ауылындағы «Самсоновка», Жібек жолы ауылындағы «Свердлов», және Нұржанқорған ауылындағы №20 «Жаңақоғам» газ тарату станциялары. Сонымен қатар, ауыз сумен қамту жұмыстары да жақсы нәтиже көрсетуде. Өткен жылы 14 ауыз су нысанына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Жібек жолы ауылындағы су құбырының күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп, су жүйесі тұрғындарға тұрақты түрде беріле бастады.
Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесі құрылыс жұмыстары кесте бойынша жалғасуда, ал биыл Арыс ауылдық округінде Нұржанқорған және Қожақорған ауылдарындағы ауыз су құбырларының құрылыс жұмыстары аяқталады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Сайрамда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді
Комментарии (0)




