Байланысқа арналған телефондар:
» » Қошанов Ерлан Жақанұлының XXVI АМАНАТ партияның съезінде айтылған сөздері

Қошанов Ерлан Жақанұлының XXVI АМАНАТ партияның съезінде айтылған сөздері

12 Маусым 2026, Жұма
10
0
Қайырлы күн, қадірлі партияластар!
Ардақты ағайын!Естеріңізде болса, осыдан төрт жыл бұрын партиямыздың саяси тұғырнамасын бірге қабылдап едік.
Саяси тұғырнаманың әр сөзін, әр идеясын, мақсат-мұратын осы отырған бәріміз жүрегімізден өткізіп, жазып шықтық.
Сол кездің өзінде тұғырнамаға «Өзгеріс өзімізден басталады» деген ұстанымды нық бекіткен болатынбыз.
Біз бұл қағиданы берік ұстанып келеміз.
Өйткені, бұл принцип қоғамдағы оң өзгеріске, әділдікке, жаңаруға, ашықтыққа деген үлкен сұраныстан туындаған еді.
Осыны терең түсінген Президентіміз елімізді түбегейлі жаңғыру жолына бағыттады. 
Бұрын-соңды болмаған ауқымды, зор өзгерістер қолға алынды. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформалары шын мәнінде жаңа қоғамның іргетасын, мемлекеттің жаңа бет-бейнесін қалыптастырып жатыр.
Тарихи тұрғыдан алғанда, қас қағым сәттей көрінгенмен, осы аз уақытта түбегейлі саяси реформалар жасалды, батыл шешімдер қабылданды.
Мемлекеттік институттар толық жаңғырды.
Биліктің, байлықтың бір қолға шоғырлануына тосқауыл қойылды. 
Әр азамат өз жауапкершілігі мен қоғамдағы рөлін терең сезіне бастады, мемлекеттің болашағына тікелей қатысы бар екенін түсінді.
Араға отыз жыл салып, 2022 жылы елімізде алғаш рет референдум өтті.
Тура сол жылы әділ, таза әрі ашық сайлауда халық өзі сенім артқан, қолдаған Президентін сайлады.
Саяси бәсеке күшейіп, көп жылдан бері Парламентке 6 бірдей партия келді. 
Атом электр стансасының құрылысы бойынша референдум болды.
Осы игі істердің тарихи, табиғи жалғасы ретінде көктемде ғана жаңа Халық Конституциясын қабылдадық.
Жаңа Ата заң жоғарыдағы барлық эволюциялық процестердің шырқау шыңы болды.
Жаңа Конституция өркендеген, дамыған Қазақстанның келешек келбетін айшықтап, отандастарымыздың жүрегіне сенім ұялатып отыр.
Оның өзегінде – әділет пен теңдік, бірлік идеясы жатыр. 
Қазірдің өзінде бұл ұғымдар халықтық құндылықтарға айналып келеді.
Ал мұның артында, Президент айтқандай,   Әділетті, Прогрессивті, Қуатты Қазақстан құру идеясы тұр. 
***
Елдегі оң өзгерістердің алдыңғы шебінде Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тірегі ретінде әрдайым «AMANAT» партиясы жүрді.
Негізгі әрі маңызды рөл атқарды.
Мемлекет басшысының идеялары мен бастамаларын іске асырудың басты қозғаушы күші болды.
Елдегі қоғамдық-саяси институттарды ұйыстырып, халықты Президент реформаларының төңірегіне топтастырды.
Біз жалаң ұран мен популизмге салынған жоқпыз. 
Біз нақты іспен, нақты өзгерістермен айналыстық.
Оның нәтижесі – халықтың көз алдында.
Партияның «Ауыл Аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Тұрғындар аманаты» сияқты әлеуметтік жобалары жалпыхалықтық қозғалысқа айналып, үлкен қолдауға ие болды.
Бұл жобалардың бәрі тікелей әр азаматтың, әр отбасының табысын арттыруға, несие қарызынан құтылуына, тұрмыс сапасының жақсаруына бағытталған.
Бұл жобалардың ең басты ерекшелігі – осы бастамалардың әрқайсысы тікелей азаматтардың қатысуымен, араласуымен жүзеге асып жатыр.
***
«AMANAT» партиясы қоғамдағы ең өзекті, ең өткір мәселелермен жүйелі түрде айналысты.
Әр адамды толғандыратын проблемаларды шешуге күш салды.
Осындай түйткілдің бірі – тұрғындардың шамадан тыс қарызға батуы.
Қай жерге бармасақ та, осы проблема алдымыздан шығып отырды.
Сондықтан «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алдық. 
Қарапайым бастамадан басталған бұл жоба бүгінде 1,5 миллион адамды қамтып отыр.
Біз қарызға белшеден батқан, қиын жағдайға тап болған жандар туралы талай естідік.
Бір адамның басында 20-25-ке дейін кредит болған.
«Қарызсыз қоғам» соларды тығырықтан алып шығуға сеп болып отыр.
***
Біз ауылдың мәселесімен де тығыз айналыстық.
Елді мекендердегі басты проблема – жұмыс пен табыс.
Осы орайда Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасын бастадық.
2,5 пайызбен несие беріп, ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашуға жағдай жасадық.
Қазіргі таңда ондаған мың жұмыс орны ашылып, ауыл азаматтарының кірісі артты.
Бұл цифрдың артында мыңдаған отбасы мен, жүз мыңдаған адамның тағдыры тұр.
***
Ауылдағы тағы бір өзекті мәселе – жайылым жер.
Оның себебін бәріңіз жақсы білесіздер.
Кезінде жеке қолға өтіп кеткен ең шұрайлы, ең жайлы жерлер «Жер аманаты» жобасы аясында мемлекетке, елге қайтарылып жатыр. 
Осы уақытқа дейін пайдаланылмаған, заңсыз иеленіп кеткен 15 млн гектар жер қайтарылды.
Бұл – әділдік қағидаларының іс жүзіндегі көрінісі.   
Осы аталған жобаның бәрін біздің партияластарымыз, мына отырған сіздер жемісті іске асырдыңыздар. 
***
Уже более года успешно реализуется партийный проект «Цифрлық қоғам». 
Понятно, что цифровизация открывает новые возможности. 
Но вместе с ними появляются и новые угрозы.
Сегодня практически каждый сталкивался с сомнительными звонками или сообщениями от мошенников.
Чтобы противостоять этим вызовам, мы запустили наш партийный проект «Цифрлық қоғам». 
Он объединил государственные органы, IT-компании, экспертов и волонтеров.
Наша цель – повысить цифровую грамотность населения, а также научить людей работе с искусственным интеллектом.
Сегодня проект охватывает все регионы страны. 
Особенно он стал востребованным среди людей серебряного возраста. 
Именно они чаще становятся жертвами интернет-мошенников и испытывают трудности при работе с цифровыми сервисами.
        В целом, проект «Цифрлық қоғам» дает не только знания. 
Но и помогает людям чувствовать себя увереннее, оставаться активными и идти в ногу со временем.
***
Не менее важным стал запуск проекта «Тұрғындар аманаты». 
Он стал ответом на запрос граждан о решении вопросов дома, двора и коммунальных услуг.
Проект выстраивает прямой диалог между жителями, ОСИ, КСК и государственными органами. 
Здесь не просто обсуждают проблемы, а находят пути их решения.
Главный результат, теперь жители становятся полноценными участниками принятия решений, которые влияют на качество жизни в их доме и районе.
***
Жоғарыда айтылған мәселенің бәрі біздің «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламамыздың негізінде іске асырылды.
Үш жылдың ішінде Сайлауалды бағдарламаның 70 пайызы орындалды.
Азаматтық қызметкерлердің, дәрігерлердің, мәдениет саласы мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жалақысы көтерілді.
600 жаңа мектеп салынды.
Жаңа инсульттік-кардиологиялық орталықтар ашылды.
Азаматтардың ауруларын ерте анықтау үшін ақысыз скринингті кез келген адамға қолжетімді қылдық. 
***
«Халықпен бірге» – жай ғана бағдарламаның атауы емес.
Бұл – «AMANAT» партиясының басты қағидасы. 
Осы принциптің арқасында партия мемлекет пен қоғам арасындағы мызғымас көпірге, ашық пікірталас алаңына айналды.
Партия түрлі әлеуметтік топтармен, кәсіби қоғамдастықпен тұрақты әрі мазмұнды диалог орната білді.
Дәрігерлермен, мұғалімдермен ашық әрі үздіксіз жұмыстың нәтижесінде осы екі саладағы ең өзекті проблемаларды шештік.
Мұғалімдер өздеріне тән емес функциялардан басы бүтін арылуда.
Енді мұғалімдер оқушылар үшін тек оқу процесі кезінде, тек мектеп қабырғасында ғана жауап береді.
Ол заңмен бекітілді.
Ал ауылға жұмыс істеуге баратын дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін көтерме ақы беріледі.
Медицина қызметкерлерін қорғау үшін оларға жасалған зорлық-зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік енгіздік.
Осының бәрі – партияның мұғалімдермен, дәрігерлермен тікелей диалогының нәтижесі. 
***
Елдегі ең ірі жастар ұйымы болып табылатын «Жастар рухы» ауқымды жұмыс атқарып жатыр. 
Олар жұмысшы жастармен, студенттермен, волонтерлермен, NEET санатындағы жастармен әрдайым тікелей байланыста.
 «Жастар рухынан» бөлек біздің тағы екі қанатымыз бар – әйелдер және кәсіпкерлер қанаты. 
Он мыңдаған белсенді әйелдер біздің өңірдегі тірегімізге айналды. 
***
Партия бастамасымен барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының форумын, Ауыл әкімдері диалог-платформасын өткіздік.
Екі жиынымызға да Мемлекет басшысы арнайы қатысып, сөз сөйледі. 
Бұл шын мәнінде барлық билік тармақтарының арасындағы байланыстың жаңа форматына айналды. 
***
За эти годы большую работу проделала, и фракция партии в Мажилисе.
Об этом сейчас подробно рассказал её руководитель Айдос Сарым.
 Депутаты фракции последовательно добивались законодательного решения наиболее острых вопросов.
Когда общество потребовало более жестких мер против бытового насилия – были приняты соответствующие законодательные изменения.
Когда серьезной угрозой стали лудомания и распространение наркотиков – депутаты фракции инициировали необходимые нормы для борьбы с этими явлениями. 
Кроме того, была усилена социальная поддержка шахтеров, улучшены условия оплаты труда учителей и медицинских работников.
Наши депутаты также выступили инициаторами совершенно новых для страны документов – Цифрового кодекса и Закона об искусственном интеллекте.
И этот список можно еще продолжать.
В целом, за период работы действующего созыва депутатами нашей партии разработано 104 из 118 инициированных депутатами законопроектов. 
Иными словами, 88% всех законодательных инициатив принадлежат депутатам партии «AMANAT». 
Все это говорит о том, что фракция не только активно работала на протяжении всех лет, но и последовательно решала проблемы, которые граждане ставили перед своими избранниками.
Құрметті әріптестер!
Бүгін партиямыздың ең белсенді, беделді мүшелері жиналып отырмыз.
Жоғарыда айтқанымдай, бір-бірімізді жақсы білеміз.
Біздің әр партияласымыз мемлекетшіл, халықшыл тұлға деп санаймын.
Олардың әрқайсысы партияға жүрек қалауымен, шын ниетімен келді.
Мыңдаған шахтерлер, мұнайшылар, металлургтер, кәсіпкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер, жастар бар. 
Біздің басты байлығымыз – осы адамдар.
Осы адамдармен бірге талай сыннан сүрінбей өттік.
Осы адамдармен бірге талай тәуекелді абыроймен өткердік.
Электоралдық науқандарда да, референдумдарда да көштің алды болып, үнемі жеңімпаз болып келеміз.
Мүмкіндікті пайдаланып, әрқайсыңызға зор алғысымды білдіргім келеді.
***
Сөзімнің басында «Өзгеріс өзімізден басталады» деген саяси тұғырнамамыздың ұстанымы туралы бекер тоқталған жоқпын. 
Қазір де біз үлкен өзгерістің, үлкен таңдаудың алдында тұрмыз. 
Тағдырлы шешімді өздеріңізбен бірге талқылап жатырмыз.
Жасыратыны жоқ, біз ғана емес, тұтас қоғам талқылап жатыр. 
Әр түрлі әңгімелердің, болжамдардың болуы да қалыпты жағдай. 
Бұл заңды, табиғи нәрсе деп санаймын.
Осындай кезде, елдегі ең ірі саяси күш болғандықтан, жұрттың назары алдымен «AMANAT» партиясына ауып тұратыны белгілі.
Бірақ, айналып келгенде, кез келген түбегейлі шешімді қабылдайтын – мына сіз бен біз. 
Өздеріңізбен бірге төрт жылдан аса қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз.
Жаңа айтқанымдай, үлкен жолдан өттік, түрлі белесті бағындырдық.
Сол жолда қандай қиын мәселе болмасын ауызбіршілікпен, ұйымшылдықпен түйінін шеше білдік.  
Міне, бүгін съезде көтеріліп отырған мәселе де ел болашағы үшін өте маңызды және бәрімізге ортақ. 
Осыған қатысты мен өз тоқтамымды жеткізейін.
Дорогие друзья, соратники!
Сегодня здесь собрались люди, которым небезразлична судьба нашей страны. 
Люди, которые искренне болеют и переживают за нее. 
Последние годы все мы объединены одной высокой целью – это построение нового Справедливого Казахстана.   
Вместе с нашим Президентом мы меняли страну, уходили от устаревших стереотипов, преодолевали препятствия, которые долгие годы мешали её развитию.
Мы много и усердно работали. 
Мы смело доказывали и рассказывали людям суть нового Казахстана, о том, каким мы видим наше общее будущее. 
Я хорошо помню наши встречи в Зайсане, Аркалыке, Каратау, Кульсары. 
Многие коллеги знают, какие это были непростые, жаркие встречи. 
Порой, они длились часами.
На них люди эмоционально высказывались о наболевшем, о своих тревогах и переживаниях, иногда и с обидой на власть.
Звучали упреки и в адрес нашей партии по многим застарелым проблемам страны.  
Самое главное, мы никогда не прятались и не уходили от сложных вопросов. 
Нам удавалось даже в самом непростом разговоре прийти к взаимопониманию. 
Мы решали проблемы, брали на себя ответственность. 
И сегодня можем честно сказать – многое, о чем мы говорили, многие инициативы Президента стали реальностью.
И в этом огромная заслуга каждого из вас –партийцев, активистов, единомышленников, сидящих сегодня в этом зале.
Я благодарен каждому из вас за это.  
Именно вы были лицом перемен в своих регионах.
Именно вы работали с людьми, разделяли с ними радости и трудности, укрепляли доверие к проводимым президентским реформам.
И поэтому нам не стыдно смотреть в глаза людям.
Напротив, мы можем гордиться нашей работой.
Мы были рядом с народом в самые важные для страны моменты и внесли свой вклад в её обновление.
Наш вклад останется частью истории страны.
Но вместе с тем, мы должны смотреть не только на пройденный путь, но и вперед – на задачи будущего.
С принятием новой Конституции начался новый отсчет Независимого Казахстана.
Без всякого преувеличения, - это выдающееся достижение и политический триумф нашего Президента, поддержанный народом страны.    
Это новый исторический этап. 
Этап, в основе которого – человек, справедливость, закон и прогресс.
***
Совсем недавно Президент сказал, что страна вышла на магистральный путь устойчивого развития. 
То есть, можно сказать, что завершился большой трансформационный период в жизни страны.
В жизни партии, как у партии, которая всегда росла и менялась вместе со страной, тоже завершается определенный этап.
Поэтому сегодняшний Съезд, это особый, по-настоящему значимый Съезд.
Все мы знаем, что для того, чтобы двигаться вперед всегда требуются смелые и решительные действия.
Недаром говорится, что великие нации строятся не теми, кто оглядывается назад, а теми, кто смотрит за горизонт.
Именно такой подход все эти годы демонстрирует Глава государства.
В свое время Махатма Ганди говорил:
«Если вы хотите изменить будущее, станьте этим изменением в настоящем. Нельзя построить новое, цепляясь за старое». 
Еще раз подчеркну, мы хорошо работали, и достойно выполнили все задачи, стоящие перед нами.   
Но давайте откровенно.
Несмотря на то, что мы выстроили честный и прямой диалог с людьми, в общественном сознании еще сохраняются отдельные ассоциации и оценки, связанные с прошлым партии.
Всё это, неизбежно сопровождает любую политическую силу с большой историей.
Поэтому сегодня, когда мы выходим на новый вектор развития.
Когда Глава государства говорит о важности объединения и сплоченности, мы должны иметь мужество открыть и новую страницу в собственной истории.
Наша партия всегда придерживалась принципа – «Перемены начинаются с нас». 
Поэтому и сейчас, мы должны сделать шаг, который отвечает логике времени, интересам государства и запросу общества.
Сегодня стране нужны не новые линии разделения, а новые точки объединения.
И в этот ответственный момент мы должны объединиться, и соединить наши ресурсы с новой политической партией «Әділет».
И уже в составе одной пропрезидентской силы вместе продолжить строить Справедливый и Прогрессивный Казахстан.
Мы не отказываемся от своих принципов, убеждений и идей. 
Напротив, мы делаем их еще сильнее, расширяем возможности и выводим их на новый уровень развития.
В мировой практике есть немало примеров объединения партий во имя интересов страны.
Это естественный и зрелый политический процесс.
***
Аманат – это завет предков и ответственность перед будущими поколениями.
Әділет – это справедливость, которая является основой сильного и современного государства.
Объединяя эти ценности, мы укрепляем общественное единство.
Создаем еще более мощную политическую платформу для реализации президентских реформ.
В конечном счете у всех нас одна цель – сильный Казахстан, процветающая страна и благополучие каждого гражданина.
Именно ради этой цели мы принимаем решение, которое станет не завершением пути, а началом новой главы нашей общей истории.
Для нас как ответственной партии – интересы Казахстана всегда были и будут выше партийных интересов. 
Қадірлі қанаттастар, серіктестер!
Уақыт бір орнында тұрмайды.
Әр заманның өз талабы, өз тәуекелі болады.
Біз де өзіміз өмір сүріп отырған дәуірдің тарихи маңызын терең түйсінуіміз керек.
2019 жылдан бергі ауқымды, түбегейлі оң өзгерістің барлығы да елдің болашағы үшін жасалуда.
Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы өткеннің олқылығын толтырумен, кеткен кемшілікті түзетумен, елдің бірлігі мен дамуына сызат түсіруі мүмкін қатерлердің алдын алумен келе жатыр.
Өзім де Президентіміздің жанында біраз жылдан бері қызмет атқарып келемін.
Ол кісінің арман-тілегін жақсы түсінемін.
Бұл – ең алдымен елдің тәуелсіздігі, халқымыздың береке-бірлігі, ұлтымыздың тұтастығы.
Бұл – ата-бабадан қалған асыл өсиет, асқақ аманат, әр қайсымыз қадірлеуге тиіс қасиетті құндылықтар. 
Сондықтан, осындай шешуші сәттерде бәріміз бір тудың астына жиналуымыз керек.
Президент реформаларын қолдайтын, мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын отаншыл, прогрессивті күштерді бөліп алмауымыз керек.
Керісінше, елдің болашағы үшін бірігуі қажет.
Бұдан кім ұтады?
Прогрессивті саяси күштер де, партияластарымыз да, жақтастарымыз да ұтады.
Ең бастысы қоғам мен мемлекет ұтады.
Өйткені, біздің мақсат-мұратымыз, құндылықтарымыз, ұстанымымыз бір. 
Бізге қара бастың қамы емес, қара шаңырақ – Қазақстанның болашағы қымбат!
***
Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада осы мәселе Саяси кеңестің отырысында көтеріліп, үндеу жарияланды.
Барлық өңірде өткен облыстық конференцияларда жан-жақты талқыланды.
Сол жиындарға бастауыш партия ұйымдары, аймақтардағы белсенді мүшелеріміз қатысты.
Сондықтан бұл – ұжымдық шешім, тұтас партияның ұстанымы.
***
Сөзімнің басында айтқанымдай, осында отырған бәріңіз де халықшыл, мемлекетшіл тұлғасыздар.
Осы уақытқа дейін саяси жауапкершіліктің, Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келдік.
Әрі қарай да бұл ұстанымнан айнымайық.
Барлық маңызды жобаларымыз бен бастамаларымызды аяғына дейін бірге жеткіземіз.
Әрдайым Президенттің сенімді тірегі және командасы болып қала береміз.
Біздің бүгінгі күнге дейінгі бастамаларымыз да, бұдан кейінгі шешімдеріміз де осы бұлжымас қағидаларға қызмет ете береді деп сенемін!
***
Біз бүгін шынымен де тарихи сәттің куәсі болып отырмыз.
Біз әрдайым жүрек қалауымен, шын ниетімізбен елге, халыққа адал қызмет еттік.
Осы залда өздеріңізбен бірге қаншама рет кездесіп, ауқымды шешімдер қабылдадық.
Бүгін де мемлекетіміздің болашағы, қоғамымыздың дамуы үшін маңызды шешімді бірге қабылдап отырмыз.
Бірлескен жемісті жұмыс үшін, ел игілігі жолында атқарылған іргелі істер үшін әр қайсыңызға тағы да зор ризашылығымды білдіремін.
Алдағы уақытта да баршаңызға табыс тілеймін! 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать