Түркістан облысында пробация қызметі есебіндегі азаматтарды бейімдеу шаралары күшейтіледі
Түркістан облысында пробация қызметі есебіндегі азаматтарды бейімдеу шаралары күшейтіледі
Түркістан облысында пробация қызметі есебінде тұрған жаза өтеушілерді жұмыспен қамту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылғы жоспарлар облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Жиынға облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, талдау нәтижелері, заңбұзушылықтар, алдын алу шаралары мен өзекті мәселелер қаралды.
2024 жылы облыс прокуратурасы пробация қызметі есебінде тұрған жаза өтеушілерді жұмыспен қамту және олардың заңдылығын тексеру мақсатында мониторинг жүргізген. Мониторинг нәтижесінде кейбір аудандарда жұмыстың тиімділігі төмен болғаны анықталды. Әсіресе бекітілген квоталардың мақсатсыз пайдаланылуы және қадағалаудың жеткіліксіздігі мәселелері көтерілді. Бейсенбай Тәжібаев барлық жауапты құрылымдарға жұмыс көрсеткіштері үшін емес, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Бұл ретте, есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайы қайта зерделеніп, әсіресе шағын несие мен грант алуға ниетті азаматтардың санаты анықталуы керектігі айтылды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, 2024 жылы 4300-ден астам адам пробация қызметінің есебіне тіркелген. Оның ішінде 1700-ге жуығы мерзімін өтеуіне байланысты есептен шығарылып, 579-ы басқа өңірлерге қоныс аударған. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2040 адам есепте тұр, олардың 1549-ы жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, өткен жылы 90 жұмыс берушіден 131 квота орны нақтыланып, өңірде 44 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Осы шаралар арқылы 683 адам жұмыс табуға мүмкіндік алған.
Бейсенбай Тәжібаев алдағы уақытта әлеуметтік бейімдеу шаралары мен жұмыспен қамту ісін одан әрі күшейту қажеттігін атап өтіп, жауапты құрылымдарға толық жұмылдыруды тапсырды. 2025 жылы жұмыс орындарының квотасын белгілеу мәселесі қайта қаралып, жаза өтеушілердің әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау мақсатында жаңа қадамдар жасалатын болады.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
17 Қантар 2025, Жұма
9) ТҮРКІСТАН: Пробация қызметі есебіндегі азаматтарды бейімдеу шаралары күшейтіледі
17 Қантар 2025, Жұма
9) ТҮРКІСТАН: Пробация қызметі есебіндегі азаматтарды бейімдеу шаралары күшейтіледі
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында білім саласын дамыту, инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасады: Мектептерді жаңғырту және цифрландыру шаралары іске асады
23 Қырқүйек 2023, Сенбі
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Комментарии (0)