Түркістан облысы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің барлық аймақтарында қарқынды қадағалау қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің барлық аймақтарында қарқынды қадағалау қажет. Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті. Сондықтан да мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, өркендеуіне тосқауыл қоятын сыбайластықпен күрес ешқашан назардан тыс қалған емес. Жемқорлықты жоюда, парақорлыққа жол бермеуде әр мемлекеттің қолданатын әдіс-амалы әртүрлі. Оның бірі қатаң жазаға тағайындау арқылы тамырына балта шабуды көздесе, келесі бірі заң арқылы тыйым салуға тырысуда. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күреске бүкіл елді жұмылдыру міндеті қойылды. Мұны уақыттың өзі көрсетті. Осыған орай, әрбір құрылым сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жүйелі жоспарын жасады. Жастар –еліміздің болашағы. Қазіргі жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін олардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан адам оған жол бермейді. Біздің елімізде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң мемлекеттің ілгерілеуіне кедергі келтіретін кемшіліктердің алдын алуымен құнды болып келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, адамдар арасында жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп қабылдуы, оған қарсы пайда болатын ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы болып келеді. Бұл адамның саналы түрде және адамгершілік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы. Жеке тұлғаның құрылуының барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі маңызды екендігін атап өту қажет.
Отбасы – бұл барлық бастамалардың бастауы. Тұлға болып қалыптасуда отбасының алар орны басым. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек, өйткені, бұл оның сана-сезімінің қалыптасуына, құқықтық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіне әсер етеді.
Ата-ананың басты міндеті – өз балаларын жан-жақты дамытып, адал еңбектенуге адамгершілікке, қоғамға өз үлесін қосатындай етіп рухты азаматша етіп тәрбиелеу. Тағы айтар болсақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда.Сол себепті жалған ақпаратқа сенбеу қажет.
Тілші: Тұрсынхан Жанерке Ерлданқызы

Обсудить
Другие статьи:
Саясаттағы отбасы институтын қолдаудың негізгі бағыттары
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Қоғамдық келісім — тұрақты және бейбіт қоғам құрудың негізі болып табылады.
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Отбасылық саясаттағы құндылықтар
02 Желтоқсан 2024, Дүйсенбі
Похожие материалы:
04 Қазан 2024, Жұма
Түркістан облысы. Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
04 Қазан 2024, Жұма
Түркістан облысы,. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту – қоғамның тұрақты дамуы мен әділдікті қамтамасыз етудің негізі.
01 Қазан 2024, Сейсенбі
Түркістан облысы. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті
Комментарии (0)