ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Ең алдымен, Тұран–2 шағын ауданындағы жедел сатысы істен шығып, тұрғындарды алаңдатқан № 40 «А» үйінің жағдайын бақылады. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында аяқталып, 2021 жылдың 2-жартыжылдығында ел игілігіне берілген. Жедел саты өндірістік қауіпсіздік сынағынан өткізіліп, қолданысқа тапсырылған. Түркияда шығарылған лифт (SRL 1000-KZ0015) 1000 келіге дейін жүк көтеруге қауқарлы болған.
Қазіргі уақытта лифт қондырғысы тоқтатылып, тиісті басқарма тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, құрылғының іске қосылуы арнайы комиссияның шешімімен қабылданады. Қала басшысы жауаптыларға жедел сатыны тез арада қалпына келтіру бойынша тапсырма берді.
Екінші кезекте қала әкімі Жандосов көшесінің тұрғындары дабыл қаққан мәселеге көңіл аударды.
Кәсіпкер Жандосов көшесі № 29/1 «А» мекенжайында халық қатынайтын жолды жауып, айналасын қоршауға кіріскен. Мемлекеттік жер кадастрынан алынған мәліметке сәйкес, 2004 жылы 0,0638 гектар жер учаскесіне дүкенді жобалау және салу мақсатында қаулы шығарылған. Алайда сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленгенімен, жобасы келісілмеген. Ал 2014 жылы сатып-алу келісімшарты негізінде жеке меншікке рәсімделген.
Мәселемен танысқан қала басшысы тұрғындар қатынайтын жол жабылмайтынын нақты айтты. Сондай-ақ жауаптыларға жағдайды назарға алып, мәселені заң аясында шешуді жүктеді.
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші: Азамат Алимбетов
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)