АШЫҚ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ: ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН
Қазіргі таңда тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асырылады. Порталдағы кезектілік ашық түрде жүргізіледі. Кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы, кезектің жылжу реттілігі, сондай-ақ ашық бюджет ақпараттары кез-келген қызмет алушыға қолжетімді.Қала әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен үй бөлінген және кезекте тіркелген азаматтардың тізімдері басқарманың ресми сайтындағы құжаттар бөлмінде жариялануда. Сондай-ақ бұл тізімдер «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» қалалық қоғамдық-саяси газеттерінде жариялануда. Автоматандырылған жүйе заң бұзушылықты алдын алып, баспанамен қамту мәселесін Заңға сәйкес шешуге мүмкіндік береді.
Ақпарат сөзі: Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Тілші: Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
Бәйдібек би — Төлеметов қиылысында жолайрық құрылысы жалғасуда: қала инфрақұрылымының жаңа кезеңі
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Болашаққа деген қамқорлық: Smart Mobility компаниясы балаларға жаңа оқу жылын ерекше сыйлықпен қарсы алды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Назарбеков көшесі жарыққа бөленді: қауіпсіздік пен жайлылықтың жаңа деңгейі
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





