10) ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауқымды жобалар жүзеге асырылады
ТҮРКІСТАН: Түлкібаста ауқымды жобалар жүзеге асырылады
Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев «Састөбе инновациялық кешені» және «Стандарт пауер» ЖШС өкілдерін қабылдап, кәсіпорындардың жоспарлары мен жобаларымен танысты. Бұл жобалар құрылыс және өнеркәсіп саласына қажетті материалдарды өндеуді жоспарлап отыр. «Састөбе инновациялық кешені» жылына 1 миллион тонна цемент, 400 мың тонна әк өндіруді көздесе, жоба 2026 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жалпы құны 299 млрд теңге болатын жобалар іске қосылған жағдайда 1200 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.
Басқосуда инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті дамыту жөнінде пікір алмасып, аудан әкімі құрылыс кезінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Қытайда жаңа технологияларды меңгеру үшін қысқа мерзімді оқу курстарына 30 маманды ауданның ауыл тұрғындарынан жіберу мәселесі қозғалды. Құрылыс жұмыстары барысында ауданға салық түсіру, жергілікті жұмыс күшін тарту, Кершетас ауылында балалар ойын және спорт алаңшасын салу, сондай-ақ Састөбе кентін жедел-жәрдем көлігімен қамтамасыз ету сияқты демеушілік көмек мәселелері де қаралды.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте қоғамдық орында электронды темекі сатқаны үшін азаматша айыппұл түріндегі жазаға тартылды
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
07 Қантар 2025, Сейсенбі
Түркістан қаласында 7 мыңнан аса жұмыс орнын ашатын 192 инвецтисиялық жоба жасақталды
07 Тамыз 2024, Сәрсенбі
ИНВЕСТЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Комментарии (0)